ЖАҢАТҰРМЫСТЫҚТАР ИГІ ІСТІ ЖАЛҒАСТЫРДЫ

24 Views

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында бастау алған экоэстафета Жақсылық пен Абай ауылдарынан кейін Жаңатұрмыс ауылында жалғасын тапты. Жаңа­тұрмыс ауылының тұрғындары орталық саябақты тазалап, шырша кө­шет­терін отырғызды. Шараға ауылдық әкімдік қызметкерлері, шаруа қожалық басшылары, жергілікті қауымдастық мүше­лері, ардагерлер, мектеп пен балабақша ұжымы, ерікті жас­тар белсенді атсалысты. Тұрғын­дар тек тазалық жасап қана қоймай, бір-біріне жылы лебіз­дерін білдіріп, ауыл бір­лігінің үлгі­сін көрсетті. Сенбі­ліктің соңында Жаңатұрмыс ауылы­ның ақсақалдары эста­фетаны Қара­қыстақ ауылына жол­дап, игі іс­тің жалғаса беруіне тілек­тестік білдір­ді.

«Құлан медиа» ақпарат.

 

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий