Тапсырмалардың орындалу деңгейі сараланды
19 ViewsСәрсенбі күні аудан әкімі Ернар Есіркеповтің төрағалығымен аппараттық кеңес өтіп, онда ішкі саясат және спорт салаларындағы негізгі міндеттер мен өзекті мәселелер қаралды. Кеңес барысында…
Мемлекеттік қызметтер көрсету бүгінгі күні жауапты да маңызды істер қатарында саналады. Оны атқарудың белгіленген өзіндік тәртібі, бағыт-бағдарлары бар. Аталған ауқымдағы қызметтердің сапалы көрсетілуі тұрғындардың атқарушы органдарға деген сенімінің нығая түсуіне жол ашады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың маңызды аспектісі. сондай-ақ, азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін арттырудың басты жолы. Сонымен қатар мемлекеттік қызмет көрсету қоғам мен мемлекеттің өзара іс-қимылының негізгі құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады.
Бүгінгі таңда біздің мемлекеттік мекеме тарапынан жер қатынастары саласында 5 мемлекеттік қызмет және барлығы да тегін көрсетіледі. Атап айтар болсақ, ол қызметтер келесідей:
– жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
– елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру;
– сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу;
– жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп-бөліп сату;
– жер учаскесін алуға кезекке қою.
Ережеге сәйкес, мемлекеттік қызметтердің негізгі бөлігі электронды түрде, балама негізде, қағаз түрінде мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
Біздің мемлекеттік мекеменің негізгі міндеттерінің бірі – мемлекеттік қызметтерді халық арасында танымал ету және электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алуға өтініштер санын арттыру болып табылады.
2020 жылдың қараша айынан бастап жоғарыда аталған мемлекеттік қызметтердің негізгі бөлігі электрондық форматқа көшкен болатын. Бұл өз кезегінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік мекемемен байланысын барынша азайтуға мүмкіндік беріп, сәйкесінше көрсетілетін қызметті берушімен жеке қарым-қатынас кезінде туындайтын жер қатынастары саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге ықпал етсе керек.
Мемлекеттік қызметшінің саналы жаңғыруындағы басты ұстанымның бірі – ашықтық. Ашықтық – канцеляризмге, бюрократияға, сөзбұйдаға жол бермеу, кемшіліктер, олқылықтар орын алған жағдайда шынайы болу. Ашықтық халық пен мемлекеттік аппараттың арасындағы байланысты нығайтып, ауызбіршілікке жол ашады. Жұртшылық талабымен санасуды, маңызды мемлекеттік шешімдер қабылдау кезінде олардың пікірін ескеруді талап етеді. Ашықтықтан күтілетін нәтиже – қоғам тарапынан сенімге ие болу. Азаматтардың еркіндігі мен демократиялық ұстанымдар құрметтелетін қоғамда әртүрлі көзқарастар білдіруге тыйым салынбайды. Сондықтан пікір алуандылығына ашық, шешім қабылдауда әділ болу басты ұстанымға айналуы қажет.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы ашықтық қағидатымен тығыз байланысты.
Ел Президенті «Біздің қоғам «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» ұғымын үлкен үмітпен қабылдады. Сондықтан мемлекеттік қызметшілер әрбір азаматтың үмітін ақтауға және тілектерін ескеруге барынша күш салуға тиіс» деген сөзі де осы ашықтыққа үндейді.
Құмарық ауылдық округі әкімдігі.