Тапсырмалардың орындалу деңгейі сараланды
15 ViewsСәрсенбі күні аудан әкімі Ернар Есіркеповтің төрағалығымен аппараттық кеңес өтіп, онда ішкі саясат және спорт салаларындағы негізгі міндеттер мен өзекті мәселелер қаралды. Кеңес барысында…
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы «Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұлттық руханиятты жаңғырту, салт-дәстүрлердің тәрбиелік мәнін дәріптеу, отбасы институтын нығайту және той мәдениетін заман талабына сай дамыту мақсатында үстіміздегі жылдың 29 қазан мен 15 қараша аралығында өңірдің барлық аудандарында тақырыптық жиындар өткізуді жоспарлаған болатын.
Осы жоспар аясында өткен сәрсенбіде аудандық мәдениет үйінің «Рухани жаңғыру» офисінде «Той мәдениеті – ұлт мәдениетінің айнасы» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты – той өткізу мәдениетін қалыптастыру, ысырапшылдықты болдырмау және ұлттық болмысты сақтай отырып, заманауи талаптарға сай шаралар ұйымдастыру. Кездесуге Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының қызметкері, облыстық «Асабалар алаңы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ринат Нұрақбаев, сондай-ақ, аудан ардагерлері, қоғамдық кеңес, әкелер және аналар кеңесінің мүшелері, мейрамхана иелері мен жергілікті асабалар қатысты. Жиын барысында қатысушылар өз пікірлері мен ұсыныстарын білдіріп, той мәдениетін жетілдірудің маңыздылығын атап өтті. Жиын қорытындысында облыс көлемінде алғашқылардың бірі болып аудандық деңгейде меморандум қабылдау туралы шешім қабылданды.
«Құлан медиа» ақпарат.