3 оқушымыз республикалық кезеңде бақ сынайтын болды

15 Views

Жақында ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада өтті. Бұл байқау 4 кезеңнен тұрады, яғни біріншісі – бастапқы кезең, екіншісі – аудандық кезең, үшіншісі – облыстық кезең, төртіншісі – республикалық кезең. Байқаудың бастапқы кезеңі мектепшілік болып, содан аудандық кезеңде 707 оқушы бақ сынаған екен. Осы 707 оқушының ішінен дараланып шыққан 109 оқушы байқаудың облыстық кезеңіне жолдама еншілеп алған көрінеді. Таяуда аталмыш байқаудың облыстық кезеңі де өтіп, облысқа жолдама еншілеген 109 оқушының 3-еуі республикалық кезеңге өткен екен. Қазір әйтеуір жұрттың көбі өсек сөзбен өрілген жаңалықтарға әуес болып барады ғой. Арасында осындай жақсы жаңалықтардың жылт еткеніне ішіміз жылып қалады. Ауданымыздың 3 оқушысы енді осы байқаудың республикалық кезеңінде бақ сынайтын болады. Біреулер үшін бұл аса бір «сенсациялық» жаңалық емес те шығар. Бірақ, біз, бұл жерде еселі еңбек пен ізденістің бар екенін түсінеміз, білеміз. Сондықтан осындай жаңалықтарды да оқырмандарымыз біле жүрсін деген ниетпен ақпарат беріп отырмыз.

Марат Диханбай.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий