Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ 100% АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ
53 ViewsТ.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ 100% АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Рахым Сәбденов ауылының тұрғындары үлкен қуанышқа кенелді. Себебі талай жылдан бері түйіні тарқатылмай келген…
Өрт шыққан кезде қандай ережелерді есте ұстау керек?
– Алдымен сөндірілмеген темекі мен сіріңке қалдырмаңыз;
– электр сымдары мен құрылғыларының дұрыстығын қадағалаңыз;
– бір желіге бірнеше электр аспаптарын қосуға жол бермеңіз және қолдан жасалған электр жылыту аспаптарын пайдаланбаңыз;
– тек жарамды пештерді, газ және электр құралдарын пайдаланыңыз, мұржаларды күйеден уақтылы тазалап отырыңыз;
– төтенше жағдайлар туындаған кезде 112 бірыңғай құтқару телефонына қоңырау шалу қажет.
Өрт шыққан кезде не істеу керек?
Егер сізде немесе көршілеріңізде өрт шықса, өрт сөндіру қызметіне хабарласыңыз. Диспетчерге келесі мәліметтерді беруге дайын болыңыз. Нақты мекенжайы (көше атауы, үй нөмірі, кіреберіс, қабат); өрт ошағының орны (пәтер, дәліз, жертөле, шатыр); жағдай мен уақыт мүмкіндік берсе, кім қоңырау шалып жатқанын хабарлаңыз;
– телефон нөміріңізді айтыңыз және диспетчердің сұрақтарына жауап беріңіз;
– егер жарақат алғандар мен зардап шеккендер болса, олардың саны мен алған жарақаттарын сипаттаңыз;
– қажет болса, оқиға орнына келу жолдарын түсіндіріңіз;
– газды жабыңыз;
– үй-жайды тоқтан ажыратыңыз;
– адамдарды түтіндеген бөлмелерден сыртқа шығарыңыз;
– терезелер мен есіктерді жабыңыз;
– көршілерге өрттің таралу мүмкіндігі туралы хабарлаңыз;
– әрекеттер дүрбелең тудырмауы керек.
Адамдарды үй-жайлардан шығарып, ықтимал эвакуация туралы ескерту қажет. Егер кіреберісте автоматты өрт қауіпсіздігі жүйесі орнатылған болса, үйдің барлық тұрғындарына ескертуді тездету үшін оны іске қосыңыз. Егер өрттің ауқымы өртті басқаруға мүмкіндік берсе, өртті өз күшіңізбен сөндіруге тырысуға болады. Ол үшін қолда бар өрт сөндіру құралдарын пайдалану қажет. Өрт сөндіргіштер, өрт крандары, су құбырынан су шашу, мақтадан жасалған көрпемен өрт ошағына ауаның кіруін тоқтату керек.
Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі.