Әжелер – көңілдің ажары

79 Views

Жарлысу ауылындағы «Тәттімбүбі» бөбекжай-бақшасында аудандық аналар кеңе­сі­нің қолдауымен «Мен әжеммен мақтанамын!» деген тақырыпта ау­дандық  семинар өтті. Іс-шараның мақ­саты – «Адал азамат – біртұтас тәр­бие» бағдарламасын жүзеге асыру  ұста­нымдарына сәйкес,  отбасындағы дәстүр мен тәрбиенің шамшырағы, үлгі мен өнегенің таптырмас қазынасы әжелер мектебінің  жұмысын жан­дан­дыра оты­рып, келер ұрпаққа ұла­ғатты тәрбие бе­ріп, ұлтжанды ұл, қы­лықты  қыз тәр­биелеу. Сондай-ақ, ұлттық құн­ды­лықтарды жаңа форматта  орындау арқылы тәр­бие­ленушілердің бойында шығар­ма­шылық қабілетті дамыту. Іс-шара барысында «Әжемнің сыр сандығы» атты көрініс қойылды. Ұлттық дәстүр мен отбасылық құндылықтарды наси­хаттайтын, жү­рекке жылы әже даналығы мен өмір тәжі­рибесін  ұрпақтан-ұрпаққа  жеткі­зе­тін асыл қазынаны әжелер көрерменге жеткізе білді.

«Әжемнің үйінде қонақта» – қазақ халқы­ның ұлттық құндылықтары ту­ралы  әдептілікке, үлкенді сый­лау­ға, салт-дәстүрді  құрметтеуге, мейірімділік, жана­шырлық сияқты қасиеттерін сахна­лау арқылы көрсетті.

«Сыр сандық»  ұлттық ойынының мақсаты – зейін мен шыдамдылық қызығу­шылықты арттыру болса, тап­сыр­маларды тапқырлықпен орын­да­ған тәрбиеленушілер іс-шараға қатысу­шыларды тәнті етті.  «Адал аза­мат – біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясын­да  бүлдіршіндерден құралған  ұлт­тық аспаптар оркестрі Нұрғиса Тілен­диевтің «Келіншек» күйімен іс-шараны жалғастырды. Жетекшісі Шолпан Амир­бетова. «Тәттім­бүбі» бөбекжай-бақшасын бас­қарып отырған  Гүлназ Айтжанова, соны­мен қатар  әдіскер Улзада Кернитбаева, тәрбиешілер Ляззат Амирова мен Айгүл Пешенованың  іскерлігі мен жасап жатқан еңбектеріне риза болдық.

«Әжелер – көңілдің ажары, немере – өмірдің  базары» дегендей,  балалар бір­лік, мейірімділік, адалдық,  үлкенге  құрмет,  кішіге ізет сияқты асыл қасиет­терді ұғынды деген ойдамыз.

Қорытындылай келе, адамгершілікке тәрбие­лейтін, ұрпаққа өнеге болатын мәні терең іс-шара осылайша Жар­лысу ауылында жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

 Бақыт Мырзалиева, аудандық аналар.

Поделиться ссылкой: