Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ 100% АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ
53 ViewsТ.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ 100% АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Рахым Сәбденов ауылының тұрғындары үлкен қуанышқа кенелді. Себебі талай жылдан бері түйіні тарқатылмай келген…
Қазақстан Республикасында жер учаскелері жеке және заңды тұлғаларға жеке меншікке берілуі мүмкін. Жерді сатып алудың екі негізгі тәсілі бар. Ақысын толық төлеу (біржолғы төлем) және бөліп төлеу (рассрочка). Әрбір тәсілдің өзіндік артықшылықтары мен талаптары бар.
Біржолғы төлем арқылы сату.
Біржолғы төлем – жер учаскесінің құнын толық мөлшерде бір ретте төлеу арқылы жеке меншікке алу тәсілі.
Ерекшеліктері:
Артықшылықтары:
Бөліп төлеу арқылы сату
Бөліп төлеу – жердің бағасын бірнеше айға немесе жылға бөліп төлеу арқылы алу тәсілі. Бұл көптеген азаматтар үшін қолжетімді әрі ыңғайлы жол.
Ерекшеліктері:
Артықшылықтары:
Жерді сату-сатып алу рәсімі
Жер учаскесін жеке меншікке алу келесі кезеңдерден тұрады:
– өтініш беру – жергілікті атқарушы органға (әкімдікке) жазбаша өтініш тапсыру;
– құжаттарды дайындау – жердің кадастрлық құжатын, орналасуын, нысаналы мақсатын анықтау;
– сату-сатып алу шартын жасау – біржолғы төлем немесе бөліп төлеу тәсілі шартта көрсетіледі;
– төлем жасау – таңдалған төлем әдісіне сәйкес;
– меншік құқығын тіркеу – төлем толық жасалғаннан кейін әділет органында құқық мемлекеттік тіркеуден өтеді;
Қажетті құжаттар:
Жерді сатып алу кезінде әдетте талап етіледі:
– жеке куәлік;
– өтініш;
– жер учаскесінің кадастрлық жоспары;
– төлемді растайтын құжаттар;
– сату-сатып алу шарты.
Жер учаскесін жеке меншікке алу үшін азамат біржолғы төлемді де, бөліп төлеуді де таңдай алады. Бұл жүйе жерді сатып алуды қолжетімді әрі икемді етеді. Біржолғы төлем жерді жылдам иеленуге мүмкіндік берсе, бөліп төлеу азаматтарға қаржылық жағынан жеңілдік береді. Екі тәсіл де Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес ресми түрде рәсімделеді.
«Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату» мемлекеттік қызметі бойынша Ақниет ауылдық округінде 2025 жылы ешқандай өтініш түспеді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметтердің бірыңғай байланыс телефондары: 1414, 8 800 080 7777.
Ақниет ауылдық округі бойынша қызметтік телефон 8/726/31-5-49-10.
Ақниет ауылдық округі әкімінің аппараты.