Өзекті мәселелер  талқыланды

98 Views

Жуырда аудан әкімі Ернар Есіркепов «Заң мен тәртіп» қағидасы аясында Ақбұлақ ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылады. Талқылау барысында ауыл тұрғындарын толғандырған  бірқатар мәселелер кеңінен қозғалып, ақпараттық түсіндіру  жұмыстары жүргізілді.

Кездесуге аудан әкімінен бөлек  тиісті сала басшылары, ауылдық округтің  қауымдастық  кеңесінің  мүшелері, ардагерлер және  белсенді  жастар қатысты. Сондай-ақ,  жиынға  аудандық  полиция бөлімінің  бастығы Ерлан Түменбаев та қатысып, өз тарапынан  ұтымды  ұсыныстарын жеткізді. Келелі кездесу барысында тазалықты  сақтау, қоқыс полигонын реттеу, пай  үлескерлерінің  жер мәселесін шешу, шағын футбол алаңын жаңадан салынған емдеу мекемесінің  тұсына  көшіру, саябақтарды  талапқа  сай сәндеу, абаттандыру  жұмыстарын толыққанды  орындау және қауым­дастық  мүшелерін қайта сайлау сынды мәселелер көтерілді. Кездесуде  көтерілген мәселелер  толыққанды талқы­ланып, алдағы уақытта жер­гілікті қауымдастық  мүшелерінің құра­мына өзгерістер енгізіліп, ауа-райының қолайлы күнінде Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған  «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында тал-дарақтар  отырғызылып, ауыл тұрғындарының қатысуымен  сенбіліктер ұйымдастырылатын болды. Сапар соңында аудан басшысы  Ернар Серікәліұлы  ауылдағы  спорт  кешенді  де аралап көріп, ондағы  мәселелермен танысып,  шешу жолдарын көрсетті. Айта кету керек, соңғы жылдары атал­мыш округте  бірқатар  ілкімді  шаралар қолға алынып,  инвестиция, әлеуметтік нысандар салу, жол жөндеу, көшелерді  жарықтандыру, ауыз сумен қамту жұмыстары  жүзеге асқан.

Жәнібек Базылбек.

Поделиться ссылкой: