Ата-аналар мектеп ауласына ағаштар екті
29 ViewsӨткен сәрсенбіде №6 мектеп-гимназиясында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Бір отбасы – бір тал» деген тақырыпта іс-шара өтті. Бұл шараға аудан әкімінің орынбасары Бақкелді…
Аспазшы болу – бала арманым…
Балалардың күні бойы сергек болып, сапалы білім алуы – олардың дұрыс әрі пайдалы тамақтануымен тікелей байланысты. Осы жауапты істі мінсіз атқарып жүрген еңбек адамдарының бірі – Ұлбосын Жапарқызы.
Қоғамдық тамақтану саласында техник, технолог, 5-разрядты аспаз және асхана меңгерушісі болып қызмет атқарған Ұлбосын Жапарқызы бүгінде Құмарық ауылындағы Болтай батыр атындағы шағын орталықты орта мектебінің асханасында бас аспаз қызметін атқарып келеді.
Мектеп асханасында жұмыс істеу – үлкен жауапкершілік. Себебі әр күн сайын ондаған баланың тамақ рационы, тағамның сапасы мен құнарлылығы – осы маманның бақылауында. Ұлбосын Жапарқызы әрбір өнімнің тазалығын, дұрыс сақталуын, есептелген мөлшерін қадағалап, балаларға пайдалы әрі дәмді тағам дайындауды басты міндет санайды.
Оның адал еңбегі мен тәжірибесі балалардың дұрыс тамақтануы мен денсаулығына оң ықпал етіп, олардың күнделікті өмір сапасын арттыруға үлес қосуда.
«Құлан медиа» ақпарат.