Азаттыққа негіз салған – ардақтылар!

51 Views

Жуырда Бірлес орта мектебінде Тәуелсіздік мерекесіне орай, «Тәуелсіздік тарихындағы Желтоқсан оқиғасының маңызы» тақырыбында аймақтық дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызын ашу, азаттық жолында күрескен жастардың ерлігіне құрметпен қарап, ұлттық сана-сезім мен отансүйгіштік рухты қалыптасытру.

Дөңгелек үстелді аудандық білім бөлімінің әдіскері Гүлнұр Жамалбекова мен Бірлес орта мектебінің директоры Серік  Сұлтанбеков ашып, қатысу­шыларға сәттілік тіледі.

Іс-шара барысында «Желтоқсан оқиғасының ұлттық бірлік пен азаттық жолындағы жауапкершілікті қалыптастырудағы маңызы» тақырыбында мектептің тарих пәнінің  мұғалімі М.Серіков, «Желтоқсан оқиғасының әдебиет пен өнердегі көрінісі» тақырыбында мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі С.Күзембекова, «Желтоқсан рухы еркіндік пен әділеттілікке ұмтылған қоғамның символы» тақырыбында мектептің бастауыш сынып мұғалімі Т.Абденкулова, «Тәуелсіздік идеясын нығайтудағы  Желтоқсан батырларының ерлігін дәріптеу» тақырыбында мек­тептің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Қамысбекова және «Жел­тоқсан оқиғасы: себебі мен сал­дары» тақырыбында мектептің инфор­ма­тика пәнінің мұғалімі А.Шаметов баян­дама оқыды. Мектептің тарих пәні­нің мұғалімдері М.Бисембаев пен А.Нұрсұлтанова тиісінше «Қазақстан­дағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиға­лары» атты панорамалық сабақ, «Тәуел­сіз­дікке апарар жол» атты сыныптан тыс жұмыстарын көрсетті.

Дөңгелек үстел қатысушылары Желтоқсан оқиғасы туралы өз ойларын ортаға салып талқылады.

Нәтижесінде Желтоқсан оқиға­сы­ның тарихи маңызына баға берілді. Азаттық жолында күрескен жастардың ерлігі дәріптелді.

М.Серіков,

Бірлес орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі.

Поделиться ссылкой: