Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ 100% АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ
53 ViewsТ.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ 100% АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Рахым Сәбденов ауылының тұрғындары үлкен қуанышқа кенелді. Себебі талай жылдан бері түйіні тарқатылмай келген…
Желтоқсан айының 19-ы мен 22-сі аралығында таеквондодан Шымкент қаласында ересектер арасында өтіп жатқан Қазақстан чемпионаты аяқталуға жақын. Кеше қуанышты жаңалықты естідік. Осы ел біріншілігінде жерлесіміз, жасөспірімдер мен жастар арасында жақсы нәтиже көрсеткен жас спортшы Айнұр Қаржаубай Шымкенттегі ел біріншілігінде жүлделі үшінші орын еншілепті. Осы жылдың мамыр айында жастар арасында өткен ел чемпионатында да Айнұр Қаржаубай 32 спортшының арасында үздік болып, жүлделі үшінші орын иеленген еді. Жастар арасында талай шыңды бағындырған Айнұр енді ересектер арасында да өз бағын сынап көруге бел байлаған екен. Нәтижесі де жаман емес. Шымкенттегі Қазақстан чемпионатында жерлесіміз үздік үштікке еніп отыр. Бұл жетістікке қарап нені аңғаруға болады? Бұл Айнұрдың – еңбекқор әрі қайсар спортшы екенін ұғуға болады.
Алғашында № 24 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде білікті жаттықтырушы Жадыра Жиенбаевадан таеквондоның қыр-сырын үйренген Айнұр Қаржаубай қазір облыста дәл осы спорт түрінен аға жаттықтырушы болып еңбек ететін Алмира Ермырзаеваның қол астында жаттығады. Таеквондодан Шымкент қаласында өткен Қазақстан чемпионатында ол 62 келі салмақ дәрежесінде өз бағын сынап, жүлделі үшінші орынға ие болып отыр. Айнұрға келер жылы өзі қатысатын жарыстарда да сәттілік серігі болсын дегіміз келеді.
Айта кетейік, Айнұр Қаржаубай желтоқсан айының 4-і күні республикалық «DOSTAR CUP – 2025» атты турнирде жүлделі екінші орын иеленген болатын.
Марат Диханбай.