Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ 100% АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ
53 ViewsТ.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ 100% АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Рахым Сәбденов ауылының тұрғындары үлкен қуанышқа кенелді. Себебі талай жылдан бері түйіні тарқатылмай келген…
Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Елдің болашағын да, іргесін де қалайтын осы – жастар. Осыны басты бағдар ретінде ұстанған аудан басшылығы Тәуелсіздік күні қарсаңында аудандық «Жастар ресурстық орталығының» мамандарын жаңа ғимаратқа қоныстандырып, сәттілік тіледі.
Бүгінде аудандық жастар ресурстық орталығында 30-ға жуық маман қызмет етеді. Орталықтың негізгі мақсаты – аудан жастарының белсенділігін арттырып, сан түрлі шараларға тарту және оларға жан-жақты ақпараттық кеңестер беру. Салтанатты ашылу жиынына аудан әкімі Ернар Есіркепов, аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов, бірқатар бөлім басшылары мен соңғы жылдары жарқын жетістіктерге жетіп жүрген жастар қатысты. Айта кету керек, аталмыш ғимараттың іргетасы жаңадан қаланбаған. Бұрындары бұл нысан «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ облыстық филиалының теңгерімінде болған. Бертін келе арнайы келіссөздер жүргізу нәтижесінде ауданның коммуналдық меншігіне қайтарылып, қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, бүгінде аудан жастарының бас ғимаратына айналып отыр.
Бұл – жастар саясатын қолдау мақсатында қолға алынған игі бастамалардың бірі. Аудан әкімі Ернар Есіркепов өзінің құттықтау сөзінде аталмыш баянды бастамаға қолдау білдірген әрбір жанға ерекше алғысын жеткізді. Әсіресе келіссөздер жүргізу кезінде белсенділік танытқан ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты Гүлдара Нұрымованың еңбегін ерекше атап өтті. Сондай-ақ, жастарды ел дамуы үшін белсенді жұмыс жасап, біріге қызмет етуге шақырды.
Салтанатты жиында аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов та сөз сөйлеп, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары мен қазіргі кезеңді салыстыра отырып, бүгінгі жастарға жасалып жатқан жақсылықтардың көбін айтып, мемлекеттік бағдарламалар зор мүмкіндіктер сыйлайтынын жеткізді.
Жиын соңында аудан дамуына өзіндік үлес қосып жүрген жастар арнайы марапатталды.
Жәнібек БАЗЫЛБЕК.