Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ 100% АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ
53 ViewsТ.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ 100% АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Рахым Сәбденов ауылының тұрғындары үлкен қуанышқа кенелді. Себебі талай жылдан бері түйіні тарқатылмай келген…
Күні кеше аудан әкімдігінің қолдауымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай Достық үйінің мамандары ауданымыздағы этнос өкілдерінің үйлеріне арнайы барып, келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Ақжарма тілектерге толы кездесу барысында әр шаңырақ иелері қонақтарды жылы қарсы алып, аудан әкімдігіне ризашылықтарын білдірді. Қарттар өздерінің өмір жолы, қазақ жеріне қоныс аудару тарихы жайлы естеліктерімен бөлісті. Ізгі сапар аясында этно-мәдени бірлестік өкілдері ұлттық киім киіп, қарттарға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, мерекелік ән шашу тарту етті. Сондай-ақ, әрбір қарияға арнайы әзірленген Жаңа жылдық сыйлықтар табысталды. Бұл игі бастама – үлкенге құрметтің, ел ішіндегі татулық пен бірліктің жарқын үлгісі.
«Құлан медиа» ақпарат.