РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

327 Views

Күні кеше аудан аумағында «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» қағидаты аясында аудандық полиция бөлімі мен аудандық Жастар ресурстық орталығының мамандары бірлесіп, түнгі рейдтік іс-шаралар жүргізді.

  Рейдтің негізгі мақсаты – қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу, кәмелетке толмаған жастардың түнгі уақытта заңсыз жүруін болдырмау, сондай-ақ жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру.

Шара барысында аудан аумағындағы кафелер, ойын-сауық орталықтары және көпшілік жиналатын орындар толық зерделеніп, заң талаптарының сақталуына бақылау жасалды. Сонымен қатар, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қауіпсіздік пен тәртіптің маңыздылығы ескертілді

.

 

Поделиться ссылкой: