Грант алып, кәсіп ашты

174 Views

Грант алып, кәсіп ашты

Құлан ауылында қайтарымсыз гранттың қолдауымен жаңа наубайхана өз жұмысын бастады. Кәсіпкер Айтолқын Маханбетова бұл бастамаға дейін аудан әкімінің қабылдауында болып, нан өнімдерін өндіретін кәсіп ашуға ниетін білдірген.
Қабылдау барысында аудан әкімі тиісті сала мамандарына мемлекеттік қолдау тетіктерін толық түсіндіруді тапсырған. Соның нәтижесінде Айтолқын Маханбетованың ұлы, қайтарымсыз грантқа өтініш беріп, жобасын сәтті қорғап, қажетті қаражатқа қол жеткізді.

Бүгінгі таңда олар отбасылық кәсіп ретінде наубайхана жұмысын жолға қойған. Мұнда дайындалған нан өнімдері наубайханада сатылып, дүкендер мен мейрамханаларға жеткізіледі.

Бүгінде наубайханада 1 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Алдағы уақытта көпбалалы ана наубайханасын кеңейтіп, ірі дүкендермен серіктестік орнатуды жоспарлап отыр. Осылайша мемлекеттік қолдау шаралары тұрғындардың кәсіп ашып, тұрақты табыс көзіне қол жеткізуіне мүмкіндік беріп отыр.

 Ақжарқын  Мұратбекқызы.

Поделиться ссылкой: