Жүргізуші алкогольдік масаң күйінде көлік құралын басқарған
Жүргізуші алкогольдік масаң күйінде көлік құралын басқарған
Тұрар Рысқұлов аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі бойынша азаматша М-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Сот отырысында азамат М. 19.12.2025 жылы Құлан ауылы Шахабайұлы көшесінің бойымен сағат 22.50 шамасында, алкогольдік масаң күйінде «Toyota Camry» маркалы көлік құралын басқарғаны анықталды.
Сот отырысында азамат М. хаттамамен келісіп, кінәсін мойындайтынын және қатаң жазаламауын сұрады.
Қазақстан Республикасы Жол қозғалысы ережелерінің 2.12. 2-тармағына сәйкес, жүргізушіге масаң күйде (алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық) болуға тыйым салынады.
Медициналық куәландыру ер адамның масаң күйде болғанын көрсетті.
ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі санкциясымен 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру көзделген.
Сот қаулысымен азамат М кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқарудан айырыла отырып, 15 тәулік мерзімге қамауға алынды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
«Құлан таңы» ақпарат.
