Ата-аналар мектеп ауласына ағаштар екті
27 ViewsӨткен сәрсенбіде №6 мектеп-гимназиясында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Бір отбасы – бір тал» деген тақырыпта іс-шара өтті. Бұл шараға аудан әкімінің орынбасары Бақкелді…
Пробация бөлімі хабарлайды
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД Т.Рысқұлов аудандық пробация қызметінде бас бостандығын шектеу және шартты түрде сотталғандар үшін 8 электрондық бақылау құралдар (ЭБҚ) қолданылған.
Қылмыстық-атқару кодексінің 69 және 174-баптарына сәйкес, пробация қызметі бас бостандығын шектеуге және шартты түрде бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға, сондай-ақ, кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстары үшін электрондық бақылау құралдарын пайдалануға құқылы.
Электрондық бақылау құралдарын қолдану арқылы пробация қызметкерлері нақты уақыт режимінде сотталған адамның қозғалысы туралы ақпаратты алу мүмкіндігіне ие.
Пробациялық бақылаудың шарттары бұзылған жағдайда, мысалы, мониторинг жасау кезінде ойын-сауық орындарына барған жағдайда, немесе сағат 22.00-ден кейін үйден шығуға тыйым салынған жағдайда, пробация қызметкерлері одан әрі әрекет ету үшін оқиға туралы сотталғаннан жазбаша түсініктеме алады.
Сондай-ақ, батарея заряды төмендегенде хабарландырулар алынады. Білезіктерде сотталушы шұғыл көмек көрсеткен жағдайда пайдалана алатын «SOS» түймесі орнатылған.
ЭБҚ-дар сотталғандарды тұрақты қашықтықтан бақылауға және қадағалауды күшейтуге мүмкіндік береді және қылмыстың қайталануының алдын алып, профилактикалық әсер етеді.
Б.ҚАШЫМ,
Т.Рысқұлов аудандық Пробация бөлімінің инспекторы, әділет лейтенанты.