Сот сотталушыға шартты жазасын тағайындады

11 Views

Тұрар Рысқұлов аудандық соты денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру фактісі бойынша Б-ға қатысты қылмыстық істі қарады (ҚК 106-бабы 1-бөлігі) Сотпен анықталғаны:
2025 жылы 29 тамызда сағат 15.30 шамасында, сотталушы Б.Тұрар Рысқұлов ауданы, Бәйтелі ауылы, Токир Дукенбаев көшесі №9/1 үйдің тұсында жәбірленуші К-ға 1500 теңге қарыз ақшаны кайтаруды сылтауратып жәбірленуші К. жерге жығып өзінің жұдырықтарымен және аяқтарымен жәбірленушінің оң жақ кеуде тұсынан аяусыз ұрып, 6,7,8,9 қабырға сүйектерін сындырып, сынған қабырғалары оңға ығысып оң кеуде тұсына қан кеткен, (гемопневмоторакс) яғни жәбірленуші К. денсаулығына ауыр зиян дене жарақатын келтірген.
Б-нің кінәсі іске қатысушылардың айғақтарымен, медициналық қорытындымен және істің басқа да материалдарымен расталды.
Тараптардың позициясы
Прокурор сотталушыны 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Сот үкімі
ҚК 106-бабы 1-бөлігінің санкциясы үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазаны көздейді.
Сот кінәні мойындауды және оның оң қырынан сипатталуын жеңілдететін мән-жайлар ретінде таныды. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.
Сот үкімімен Б. ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, тағайындалған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза ҚК-нің 63-бабының 1-бөлігін қолданумен шартты деп саналған

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий