Баршаның назарына!
19 ViewsБаршаның назарына! Ардақты ағайын, қадірлі қонақтар! Сіздерді қазақтың ұлттық дәстүрі мен рухы тоғысқан айшықты мереке саналатын «Қымызмұрындық – 2026» іс-шарасына шақырамыз! Бұл іс-шара Мемлекет…
Баршаның назарына!
Ардақты ағайын, қадірлі қонақтар! Сіздерді қазақтың ұлттық дәстүрі мен рухы тоғысқан айшықты мереке саналатын «Қымызмұрындық – 2026» іс-шарасына шақырамыз!
Бұл іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың туризм және ауылшаруашылық салаларын дамыту мақсатында ұйымдастырылуда.
Тағылымы терең, берекесі мол бұл мереке Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің қолдауымен 2026 жылдың 18 сәуірінде Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Жарлысу жеріндегі «Тауқымыз» демалыс аймағында өтеді.
Шара барысында халқымыздың салт-дәстүрі мен ұлттық құндылықтары дәріптеліп, киіз үйлер тігіледі.
Қолөнершілер мен шеберлер жасаған бұйымдардың көрмесі назарларыңызға ұсынылып, қазақ күресі, қошқар көтеру, қой қырқу сынды ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылады.
Сондай-ақ, шарапаты мол шара барысында асыл тұқымды қой көрмесі өтіп, жеңімпаздар бірнеше номинация бойынша марапатталады.
Келіңіздер! Көріңіздер!
Ұлттық құндылықтарды бірге ұлықтайық!