Ағаш көшеттері отырғызылды
38 ViewsТазалық – әр адамның жеке жауапкершілігі. Біз өз ауламызды, көшемізді таза ұстасақ, өмір сүру сапасы да айтарлықтай жақсарады. Өткен сенбіде «TazaLike» жобасы шеңберінде «Болашақты…
Аудан әкімдігінің алқа мәжілісінен Ортақ шешімдер қабылданды
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 2018 жылғы қорытындысы қаралды
Апта басында аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімдігі алқа мәжілісі өтті. Аудан басшысы Асқар Қырықбаев төрағалық еткен жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, округ әкімдері мен бірқатар бөлім, мекеме басшылары қатысты. Жиын барысында аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің сектор меңгерушісі Ілияс Кенжебеков ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 2018 жылғы қорытындысын баяндады.
Жалпы алғанда, өткен жылда атқарылған игі істер көп. Әсіресе, ауылшаруашылық саласында айтарлықтай оң өзгерістер бар. Соңғы жылдары аудан шаруалары өнімділік деңгейін арттыру бағытын да техника паркін жаңалауды қолға алып келеді. Мәселен, 2018 жылы 1163,7 млн. теңгеге 18 шаруа қожалық 65 дана ауылшараушылығы техникаларын алған. Оның ішінде 20 данасы егін орағы комбайны болса, 15 данасы доңғалақты тракторлар. Етті экспорттауда ауданға берілген жылдық тапсырма 202,0 тонна болса, бүгінгі күнге нақты орындалғаны — 219,0 тонна. Бұл – жылдық жоспардың 107,9%-ын құрайды. Сонымен қатар, тұтынушылар арасында үлкен сұранысқа ие сиыр еті де 100%-дан аса орындалған. Аудандағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 103,2 %-ды құрап отыр. Аталмыш мәліметтердің барлығы баяндамада айтылды. Сонымен қатар, есепті баяндамада аудандық бюджет, салық, жұмыссыздық пен кедейшілік, білім, денсаулық, мәдениет және спорт, құқықбұзушылық жайында кеңінен сөз қозғалды.
Аудан әкімдігінің алқа мәжілісінде өзге де өзекті мәселелер қаралып, тиісті қаулылар қабылданды.
Жәнібек БАЗЫЛБЕКОВ.