Жастар – елдің тірегі, үкілі үміті

14 Views

Әрбір елдің болашағы – жастар. Сондықтан да «Жастар – елдің тірегі, үкілі үміті» деп бекер айтылмаған. Бүгінгі жас – ертеңгі ел тізгінін ұстайтын азамат. Сол себепті жастарға артылатын сенім де, үміт те зор.

Қазіргі таңда жастар білім алуға, жаңа нәрсені үйренуге талпынып келеді. Олар заман талабына сай дамып, түрлі саланы меңгеруде. Бірі – ғылымға қызықса, енді бірі – спортта, өнерде жетістікке жетіп жүр. Бұл – еліміздің болашағының жарқын екенінің белгісі.

Жастар тек білім алып қана қоймай, елге пайдасын тигізуді де ойлауы керек. Әр жас өз Отанын сүйіп, туған жерін құрметтеп, ел дамуына үлес қосуға ұмтылғаны жөн. Патриоттық сезім әр адамның жүрегінде болуы тиіс. Өйткені Отанды сүю – әрбір азаматтың басты міндеті. Сонымен қатар жастар тәртіпті, еңбекқор, жауапкершілігі жоғары болуы керек. Жақсы әдеттерді бойына сіңіріп, жаман әдеттерден аулақ жүргені дұрыс. Сонда ғана олар елдің сенімін ақтай алады.

Бүгінгі жастар – ертеңгі елдің тірегі. Сондықтан оларға дұрыс бағыт беріп, қолдау көрсету – баршамыздың міндетіміз. Жастар – мықты болса, ел де – мықты болады. Қорытындылай келе, жастар – елдің үміті, болашағы. Әр жас өз орнын тауып, елге қызмет етсе, Қазақстанымыз одан әрі дамып, көркейе береді.

Зарина Ортаева, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Ақыртөбе ауылдық округі бойынша жастар ісі жөніндегі маманы.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий