Қазақ руханиятының көрнекті тұлғасы
57 ViewsИлья Жақанов қазақ өнері мен әдебиетінде өзіндік қолтаңба қалдырған шығармашыл тұлға ретінде танылды. Ол тек әдеби шығармалар жазып қана қоймай, қазақ музыкасының тарихын зерттеуге…
Әлия – жылдың үздік маманы
Жақында Астана қаласындағы «Қазмедиа» орталығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай, «Жаңа Қазақстан» республикалық инновациялық орталығының ұйымдастыруымен «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК МАМАНЫ» атты республикалық байқауы өтті. Аталған байқау ел игілігі жолында аянбай еңбек етіп, жоғары кәсіби шеберлігімен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып жүрген мамандар арасында ұйымдастырылды.Осы байқауға Т. Рысқұлов аудандық орталық кітапханасының кітапханашысы Әлия Алтынбекқызы Искакова да қатысып, үздік деп танылып, І дәрежелі дипломмен, «Жылдың үздік маманы» төсбелгісімен және арнайы статуэткамен марапатталды. Әлия Алтынбекқызын мәртебелі марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс, еңбегіне толағай жетістіктер тілейміз!
Марат Жолдасбекұлы.