МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ
СӘРСЕНБІ КҮНІ
АУДАН ӘКІМІНІҢ
УАҚЫТША МІНДЕТІН
АТҚАРУШЫ ЕРҒАЗЫ
ЖҰМАБЕКҰЛЫНЫҢ
ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН
АППАРАТТЫҚ КЕҢЕС
ӨТТІ.
Кеңес барысында күн
тәртібіне сәйкес, «Ауыл аманаты»
бағдарламасының орындалу барысы
мен жазғы маусымдағы қауіпсіздік
шаралары мәселелері қаралды. Жауапты
сала басшылары атқарылған жұмыстар
бойынша баяндама жасап, алдағы
кезеңге жоспарланған міндеттерді
таныстырды. Жиын қорытындысында
Ерғазы Жұмабекұлы көтерілген
мәселелер бойынша нақты тапсырмалар
беріп, олардың сапалы әрі мерзімінде
орындалуын жауапты тұлғаларға
жүктеді. Сондай-ақ, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және
мемлекеттік бағдарламалардың тиімді
жүзеге асырылуын тұрақты бақылауда ұстау қажеттігін атап өтті.
«ҚҰЛАН МЕДИА» АҚПАРАТ.
