МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР – ҰЛТ МАҚТАНЫШЫ
4 маусым – Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік
Рәміздер күніне орай,
ауданымызда көптеген іс-шаралар өттІ.
Соның бірегейі ретінде кеше аудан
орталығында «Ұлттық Рәміздер –
ұлт мақтанышы» деген тақырыппен
өткен шараны айтуға болады.
Яғни осы іс-шарада аудан әкімінің
орынбасары Бақкелді Тұрсынбек,
аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы
Бейсенбек Әлпейісов, аудандық
ардагерлер Кеңесінің төрағасы
Қожайхан Бижанов, аудандық
аумақтық сайлау комиссиясының
төрағасы Манарбек Тілепов, «Аманат»
партиясы Тұрар Рысқұлов аудандық
филиалының төрағасы Қанатбек
Арыстанбеков, аудандық аналар
кеңесінің төрайымы Түзел Алагөзова,
аудандық билер кеңесінің төрағасы
Серік Сәлімбаев, аудандық аналар
кеңесінің мүшелері және тағы да басқа
азаматтар, мемлекеттік қызметшілер,
денсаулық сақтау, мәдениет, білім беру
ұйымдарының мамандары мемлекеттік
Туды көтеріп, бір мезетте Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік
Әнұранын шырқады. Соншама адам
Әнұранды шырқаған сәтте жүрек
толқып, бойымызды мақтаныш сезімі
кернегенін несіне жасырайық.
Мемлекеттік Рәміздер – ұлт
мақтанышы. Ол рас. Осындайда Егемен елде өмір сүріп жатқаныңды мақтан
тұтасың. Лайым елімізде бейбітшілік
заман болсын. Бейбітшілік болса, елдің
де әлеуеті арта түседі.
Марат ДИХАНБАЙ.
