Балалық шағың – патшалық тағың

11 Views

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, ауданда көптеген іс-шаралар легі өтті. Сондай ілкімді шараның бірін Бекебаева Айман Кенжебекқызы
басқарып отырған аудандық орталық аурухананың ұжымы да ұйымдастырды.
Іс-шараға аудан аумағындағы 15 ауылдық округтен ерекше балалар арнайы
шақырылды. Балалар ән айтып, би биледі. Шара барысында аудандық орталық
аурухананың бас дәрігері Айман Кенжебекқызы, аудандық орталық аурухананың
«QazMed» кәсіподақ ұйымының төрағасы Тельжан Абдықалықов, Тұрар Рысқұлов
аудандық ардагерлер кеңесінің денсаулық ісі жөніндегі төрағасы, салауатты
өмір салты дәрігері, ауданның Құрметті ардагері, қоғам белсендісі Мұрат
Нәметқұлов та сөз сөйлеп, бала әрқашан да ата-ананың бауыр еті екенін айтып,
балаларды мерекемен құттықтады. Шараға қатысқан барлық балаға аудандық
орталық аурухананың басшылық құрамы атынан сый-сияпаттар табыс етілді. Ол
сыйлықтарға балалар да ерекше қуанды. Өмірде бала қуанышын көріп, сезудің
өзі де бір бақыт қой. Өз басым бұл іс-шарадан сондай ой түйдім. Одан бөлек те
аудандық орталық аурухананың басшылық құрамы АОА-ның балалар бөліміне
арнайы бас сұғып, ақ тілекке толы құттықтау лебіздерін жеткізіп, сый-сияпаттар
табыстады.
Мұрат НӘМЕТҚҰЛОВ,
Тұрар Рысқұлов аудандық ардагерлер кеңесінің денсаулық ісі
жөніндегі төрағасы, салауатты өмір салты дәрігері, ауданның Құрметті
ардагері, қоғам белсендісі.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий