АУДАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ АРДАГЕРІ АТАНДЫ

22 Views

Түркі әлемі Жазушылар Одағының
«Әулиеата шайырлары» әдеби
шығармашылық бірлестігінің мүшесі,
білікті педагог, қаламы қарымды ақын
Бағила Солтанбайқызы Сарсенбаева
ұзақ жылдар бойы Сарысу, Мойынқұм,
Т.Рысқұлов аудандарының білім беру
саласында мінсіз қызмет атқарды.
Жасөспірімдерге сапалы білім, саналы
тәрбие бере жүріп, өмірге көптеген құнды
дүниелер әкелді. Талантты ақынның
қаламынан туған «Іңкәр дүние», «Дариға
жүрек», «Хұсни хат», «Құс қанат ғұмыр»
атты өлеңдер жинақтарын оқырмандар
жылы қабылдады. Еңбегі елеулі жанға
жуырда Тұрар Рысқұлов ауданының
«Құрметті ардагері» атағы берілді.
«Еңбекке – құрмет» деген осы болар.
Райзо ШӘДІЛБЕКОВ,
ауданның Құрметті азаматы,
аудандық ардагерлер кеңесінің алқа
мүшесі.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий