ҚАНАТ ӘУЕСБАЙҚазақстан педагогикалық ғылымдар академиясы академигі
Алматыда Қазақстан Педагогикалық
Ғылымдар Академиясының XXXII
сессиясында академия мүшелерін
сайлау өтті. Сайлау шарты бойынша
үміткерлер ғылыми ізденісі негізінде
білім беруге қатысты мемлекеттік
тұрғыда маңызы бар нақты ұсыныс
айтуы қажет. Сессияда педагог-ғалым,
журналист Қанат Әуесбай «Жасанды интеллект дәуіріндегі медиа педагогика:
білім беру мазмұнын трансформациялау
мәселелері» тақырыбында баяндама
жасады. Өз сөзінде Қ.Әуесбай ЖИ
дамуы жағдайында медиа педагогика
алдында тұрған жаңа мақсат-міндет
турасында айтып берді. Баяндама
тезистері нейрожелілерді жоғары
білім беру жүйесіне қауіп ретінде
емес, медиа педагогика мазмұнын
модер низациялаудың түрткісі ретінде
қарастырып, оқу әдістемесін соған сай
жаңартуды ұсынған.
Академияның жалпы жиналысы
шешімімен көпшілік дауысқа салу
арқылы Қанат Әуесбай академияның
толық мүшесі (академигі) болып
сай ланды. Академик куәлігі мен
дипломын Қанат Әуесбайға академия
президенті, педагогика ғылымдарының
докторы Асқарбек Құсайынов арнайы
табыстады. Қазақстан Педагогикалық
Ғылымдар Академиясының (ҚПҒА)
толық мүшесі (академигі) – еліміздің
білім беру жүйесі мен педагогика ғылымының дамуына өлшеусіз үлес қосқан көрнекті ғалымдар мен практик
мамандарға берілетін жоғары ғылыми
атақ.
Қ.Әуесбай – филология ғылым-дарының кандидаты, «Бола шақ»
бағдарламасымен ғылыми-педа-го гикалық тағылымдамадан өткен
(Ұлыбритания, Норвич қ-сы). Ол
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің білім және ғылым
саласындағы бақылау комитеті ұсынған
ғылыми басылымдарда, Scopus ғылыми
базасында жарияланған көптеген мақала
авторы, ҚР Ғылым және жоғары білім
министрлігінің «Ғылымды дамытуға
сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен
марапатталған.
2004 жылы құрылған Қазақстанның
Педагогикалық Ғылымдар Акаде-мия сының негізгі мақсаты – отандық
ғалымдардың күш-жігерін біріктіре
отырып, педагогикалық ғылым жүйесін
дамыту. Бүгінде бай тарихы бар
Академияның академиктері қатарында
Аягүл Миразова, Ақылбек Күрішбаев,
Ерлан Сыдықов, Жансейіт Түймебаев,
Ерлан Арын, Бауыржан Жақып, Серік
Пірәлиев, Нұрлан Дулатбеков, Қайрат
Закарьянов, Досбол Байқонақов және
т.б. сияқты еліміздің білім мен ғылым
саласының белгілі қайраткерлері бар.
«ҚҰЛАН ТАҢЫ»
ГАЗЕТІНІҢ ҰЖЫМЫ.
