23 маусым – Қазақстан полициясы күні
13 ViewsАудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі полиция инспекторы, полиция капитаны Гүлжан Ниязқұлова біздің газетке мақалалар жазып тұрады. Әрдайым еселі еңбек етіп, халыққа қалтқысыз…
Қоғамдағы құқықтық тәртіпті
сақтап,
азаматтардың қауіпсіздігін
қамтамасыз
етуде ел полициясы аса
маңызды рөл атқарады. Кейінгі жылдары
елімізде құқық қорғау органдарын
жаңғыртуға ерекше көңіл
бөлініп,
Үкімет жан-жақты шаралар
қабылдап жатыр. Қылмыстың алдын
алу жұмыстары күшейтіліп, заманауи
цифрлық технологиялар енгізілуде,
заңнама жетілдіріліп, мемлекет пен қоғам
арасындағы өзара серіктестік нығаюда.
Осы орайда аймақта атқарылып жатқан
жұмыстармен танысу мақсатында сала
қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында
облыстық полиция департаментінің
бастығы, полиция генерал-
м а йо р ы Қ а й с а р С ұ л т а н б а е в п ен
сұхбаттасқан
едік.
– Қайсар Әбілекұлы, «Заң мен тәртіп»
қағидаты полиция қызметінің негізгі темірқазығына
айналғанын білеміз. Мемлекет басшысы
айтқандай, заң мен тәртіп үстемдігін
орнықтыру
мақсатында өңірімізде де аз
жұмыс істеліп жатқан жоқ. Дегенмен атқарылып
жатқан жұмыстарды, нәтижелерді өз
аузыңыздан естісек… Өңірдегі жалпы криминогендік
ахуалды қалай сипаттар едіңіз?
– «Заң мен тәртіп» қағидаты полиция қызметінің
күнделікті жұмысында басты бағдарға
айналды. 2026 жылдың 5 айының
қорытындысы
бойынша өңірдегі криминогендік ахуал тұрақты
бақылауда ұсталып, құқықбұзушылықтардың
алдын
алу, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың
қауіпсіздігін
қамтамасыз ету бағытында бірқатар
оң нәтижелерге қол жеткізілді. Есепті кезеңде
тіркелген құқықбұзушылықтар саны 15,2 пайызға
төмендеп,
1 771-ден 1 502-ге дейін азайды. Оның
ішінде қылмыстар саны 13,2 пайызға (1 412-ден 1
226-ға дейін) кеміді. Атап айтқанда, ерекше ауыр
қылмыстар
56,3 пайызға, ал ауыр қылмыстар 17,4
пайызға азайып, өңірдегі құқықтық тәртіптің
нығаю үрдісі
байқалды.
Қоғамдық қауіпсіздікке тікелей
әсер ететін
факторлардың бірі – алкоголь өнімдерінің заңсыз
айналымына қарсы күрес те жүйелі түрде
жүргізілуде. Жыл басынан бері алкоголь өнімдерін
өткізу қағидаларын бұзғаны үшін 320 әкімшілік
хаттама толтырылып,
заң талаптарын бірнеше
мәрте бұзған 20 сауда орнының
лицензияларының
күші тоқтатылды. Сонымен қатар қоғамдық
орындарда мас күйінде жүргені үшін 2 507 азамат
әкімшілік
жауапкершілікке тартылды.
Қайталама қылмыстылықтың алдын алу
мақсатындағы жұмыстардың
нәтижесінде өтелмеген
соттылығы бар тұлғалар жасаған қылмыстар
саны 7,8 пайызға, ал рецидивтік қылмыстар 19,2
пайызға төмендеді.
Топпен жасалған қылмыстар бойынша
статистикалық өсім байқалғанымен, бұл көрсеткіш
негізінен өткен жылдардағы көпэпизодты
қылмыстық істердің тіркелуімен байланысты.
Қазіргі таңда қылмыстық топтардың заңсыз
әрекеттерінің жолын кесу және олардың алдын
алу бағытындағы профилактикалық шаралар
күшейтілді.
Көші-қон заңнамасының сақталуын қамтамасыз
ету мақсатында 1647 шетел азаматы
әкімшілік жауапкершілікке тартылып, олардың
450-і Қазақстан Республикасының аумағынан
шығарылды. Сонымен қатар заңсыз шетелдік
жұмыс күшін пайдаланған 80 жұмыс беруші
әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Күзет қызметі саласындағы бақылау аясында
154 күзет субъектісінің, дабыл жүйелеріне қызмет
көрсететін 43 ұйымның және 2 оқу орталығының
қызметі тексерілді. Нәтижесінде қызметтік қаруды
сақтау мен пайдалану талаптарының бұзылуына
жол берілген жоқ.
Жеке күзет ұйымдарының қатысуымен 1
қылмыстық
құқықбұзушылық ашылып, 29
құқық бұзушы ұсталып, ішкі істер органдарына
жеткізілді. Сондай-ақ, күзетілетін нысандарда 9
қылмыстық әрекеттің дер кезінде жолы кесілді.
Өткен жылдары ашылмай қалған ауыр қылмыстарды
ашу жұмыстары да жалғасуда. Соның
нәтижесінде 2012 жылы жасалған денсаулыққа
қасақана ауыр зиян келтіру фактісі ашылып,
қылмыстық іс сотқа жолданды. Айта кету керек,
соңғы бес жыл ішінде осы санаттағы ашылмаған
қылмыстар тіркелген жоқ.
Біз үшін азаматтардың сенімі – ең басты
құндылықтардың бірі. Бүгінде полиция жүйесінде
ашықтық қағидатын нығайтуға ерекше көңіл
бөлінуде. Қызметкерлер қоғаммен тұрақты
байланыс орнатып, тұрғындардың өтініштері
мен ұсыныстарына жедел ден қоюға ұмтылады.
Өйткені халықтың сенімі мен қолдауы – қоғамдық
қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды кепілі.
«Заң мен тәртіп», ең алдымен, полиция қызметкерінің
өзінен басталуы тиіс екендігі де назарымыздан
тыс қалған емес. Сондықтан қызметтік тәртіпті бұзған әрбір қызметкерге қатысты заң
аясында қатаң шаралар қабылданады.
– Қылмыстың ең көп таралған түрлерінің
бірі – ұрлық.
Статистикалық мәліметтерге
сүйенсек,
облысымызда
ұрлық саны бұрнағы
жылдармен
салыстырғанда әлдеқайда азайған
секілді…
– Есепті кезеңде мүліктік қылмыстардың
деңгейі айтарлықтай төмендеді. Ұрлық фактілері
31,8 пайызға қысқарса, пәтер ұрлықтарының
саны 40,2 пайызға азайды. Сонымен қатар аталған
санаттағы қылмыстардың ашылу тиімділігі де
артып, пәтер ұрлықтарының ашылу көрсеткіші
59,6 пайыздан 65,5 пайызға дейін жақсарды.
Тонау қылмыстары 33,3 пайызға төмендеп,
тіркелген барлық фактілер толық ашылды.
Қарақшылық
шабуылдар саны 7-ден 3-ке дейін
азайып, олардың әрқайсысы бойынша күдіктілер
анықталып, ашылу көрсеткіші 100 пайызды
құрады.
Бір айта кетерлігі, соңғы жылдары қылмыстарды
ашу бойынша жүйелі жұмыстар атқарылуда.
Соның нәтижесінде облысымыз республика
өңірлері арасында 17-орыннан 5-орынға дейін
көтерілді. Жоғары нәтижеге жедел қызметтердің
үйлесімді жұмысы, заманауи технологияларды
тиімді қолдану және әрбір қылмысты жан-жақты
зерделеу әсер етті.
– Цифрлық технологиялар дамыған сайын
интернет алаяқтардың да айла тәсілдері
күрделеніп
барады. Алаяқтардың
арбауына түскен
жамбылдықтардың
қатары азайды ма, көбейді
ме?
– Қабылданған шаралардың нәтижесінде
тіркелген интернет алаяқтық
фактілері 5,4 пайызға
төмендеді. Аталған санаттағы қылмыстардың
ашылу көрсеткіші 48 пайызды құрады. Ал ауыр
санаттағы интернет-алаяқтықтардың
ашылуы 62,1
пайызға жетіп, облыс республика
бойынша үздік
бес өңірдің
қатарына енді.
Жыл басынан бері 45 кәсіби алаяқ ұсталды.
Сонымен қатар 587 дроппер анықталып, заңсыз
әрекеттерге пайдаланылған 12 SIM карта
белсендіруші әшкереленді.
– Қоғамның саулығы мен ұлт болашағына
қатер төндіретін ең өзекті мәселелердің бірі –
есірткіге тәуелділік. Қауіпті кеселдің алдын
алу және заңсыз айналымға тосқауыл қою
бағытында қандай жұмыстар жүргізілуде?
– Жыл басынан бері есірткі қылмыстарына
қатысты 222 құқықбұзушылық анықталып, заңсыз
айналымнан 253 келіден астам түрлі есірткі
заттары тәркіленді. Оның ішінде синтетикалық
есірткілерді анықтау және тәркілеу көлемі өткен
жылмен салыстырғанда артты.
Шу алқабынан есірткі тасымалдау арналарының
жолын кесу мақсатында мобильді топтардың
жұмысы күшейтілді. Нәтижесінде Қарағанды
және Алматы облыстарына бағытталған 8 есірткі
жеткізу арнасы тоқтатылды. Сондай-ақ, Қырғыз
республикасының құқық қорғау органдарымен
бірлесіп жүргізілген халықаралық бақылаудағы
жеткізу операциясының барысында 4 келіден
астам апиын тәркіленді.
Синтетикалық есірткінің таралуына қарсы
кешенді шаралар қабылдануда. Атап айтқанда, 1 200
банк картасының шоты бұғатталып, «Кибернадзор»
ақпараттық жүйесі арқылы 906 интернет ресурсқа
қолжетімділік шектелді. Сонымен қатар есірткі
жарнамасы орналастырылған 100-ден астам
граффити жазуы жойылды.
Біздің міндет қылмыстың жолын кесумен
шектелмейді. Қызметкерлер жастар арасында
есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыруға,
салауатты өмір салтын насихаттауға және зиянды
әдеттердің алдын алуға арналған түсіндіру
жұмыстарын да жиі ұйымдастырып тұрады.
Өйткені есірткіге қарсы күрестегі ең тиімді
құралдардың бірі – алдын алу.
– Бүгінгі жасөспірім – ертеңгі
ел тізгінін
ұстайтын азамат.
Сондықтан өскелең ұрпақтың
қауіпсіздігін қамтамасыз ету ерекше назарда
болуы тиіс. Мектептер мен колледждердегі жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын
алуда ювеналды полицияның атқаратын рөлі
қандай?
– Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
және кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың
алдын алу – полиция қызметінің
негізгі басымдықтарының бірі. Ішкі істер
министрлігі осы жылды «Заң мен тәртіп – қауіпсіз
балалық шақ кепілі» жылы деп жариялағандықтан
профилактикалық жұмыстарға ерекше мән беріліп
отыр.
Бүгінде полиция департаментінің
ювеналды
полиция бөлімшелерінде 175 қызметкер еңбек
етеді. Ювеналды полиция қызметкерлері балалармен
және олардың ата аналарымен тұрақты
түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, мүдделі
мемлекеттік
органдармен бірлескен іс-шараларды
жүзеге асыруда.
Қазіргі уақытта облыстағы барлық 531 мектеп
пен 42 колледжге 730 полиция қызметкері бекітілген.
Нәтижесінде жыл басынан бері кәмелетке
толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың
алдын алу бағытында бірқатар оң нәтижеге қол
жеткізілді. Атап айтқанда, ювеналды полиция
қызметкерлерінің бастамасымен үш бопсалау
дерегі анықталып, бес бұзақылықтың төртеуі
олардың тікелей қатысуымен ашылды. Сонымен
қатар білім беру ұйымдарында 295 бейресми
көшбасшы анықталып, олардың теріс ықпалының
алдын алу шаралары қабылданды. Тексеру
барысында 37 тыйым салынған зат тәркіленіп,
13 жасөспірім арнайы білім беру ұйымдарына
орналастырылды. Профилактикалық есепке 235
жасөспірім мен 123 қолайсыз отбасы алынды.
Балалардың түнгі уақытта тұрғын үйден тыс
жерде және ойын-сауық орындарында жүруіне
жол бергені үшін 5 мың 76 ата-ана мен 171 ойын
сауық мекемесінің иесі әкімшілік жауапкершілікке
тартылды. Сондай-ақ, ата-аналық міндеттерін
тиісінше орындамаған 953 ата анаға қатысты
әкімшілік шара қолданылып, олардың 36-сының
ата-ана құқықтары шектелді немесе тоқтатылды.
Өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды
қорғау мәселесіне де ерекше көңіл бөлінуде. Жыл
басынан бері ата-анасының қамқорлығынсыз
қалған 84 кәмелетке толмаған бала облыстық
балаларды қолдау орталығына орналастырылды.
Ал білім беру органдарымен бірге профилактикалық
есепте тұрған 228 жасөспірімге тұрақты бақылау
жүргізілуде.
Әрбір статистикалық көрсеткіштің артында
нақты бала тағдыры тұрғанын ұмытпауымыз
керек. Сондықтан бала қауіпсіздігін қамтамасыз
ету – полицияның ғана емес, ата-аналардың,
педагогтардың және бүкіл қоғамның ортақ
міндеті. Өйткені өскелең ұрпақтың амандығы мен
дұрыс тәрбиесі – елдің ертеңгі тұрақтылығы мен
қауіпсіздігінің негізі.
– Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету әрдайым
өзекті мәселе болып қала береді. Өңірде жол-
көлік оқиғаларының санын азайту бойынша
атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесіне
тоқталып өтсеңіз.
– Биыл жол-көлік оқиғаларының салдарынан
адам өлімі 19,4 пайызға, ал жарақат алғандар саны
6,2 пайызға азайды. Бұл көрсеткіштер профилактикалық
шаралардың, түсіндіру жұмыстарының
және жол қозғалысына қатысушылардың жауапкершілігін
арттыруға бағытталған іс-шаралардың
тиімділігін аңғартады.
Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында
жақында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында
өңір бойынша түнгі рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды.
Негізгі мақсат – заңсыз көше жарысы,
дрифт және өзге де жол қозғалысына қауіп
төндіретін әрекеттердің алдын алу. Рейд барысында
277 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды.
Олардың қатарында көлікті мас күйінде басқарған
6 жүргізуші және жүргізуші куәлігінсіз көлік
тізгіндеген 21 азамат бар. Сондай-ақ, мемлекеттік
тіркеу нөмірінсіз немесе заңда белгіленген тәртіппен
тіркелмеген көлікті басқарудың 18 дерегі, көлік
құралдарын
заңсыз қайта жабдықтаудың 13
фактісі анықталды. Бұдан бөлек жолда авариялық
жағдай туғызған 5 және қарсы бағытқа шыққан 4
жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Рейд қорытындысы бойынша түрлі заңбұзушылықтарға
байланысты 59 көлік арнайы
айыптұраққа қойылды. Оның ішінде шетелдік
тіркеудегі 9 автокөлік бар.
– Мерекеге орай әріптес теріңізге қандай
тілегіңізді арнайсыз?
– Ең алдымен, ішкі істер органдарының
ардагерлерін, қызмет атқарып жүрген барлық
әріптесімді
кәсіби мерекемен шын жүректен
құттықтаймын!
Қоғам тыныштығы мен азаматтардың
қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында аянбай
еңбек етіп жүрген әрбір полиция қызметкерінің
еңбегі зор құрметке лайық. Сіздерге мықты
денсаулық, отбасыларыңызға амандық, қызметтеріңізге
табыс пен абырой тілеймін. Ел игілігі
жолындағы жауапты міндеттеріңіз әрдайым
жемісті болып, халықтың сенімі мен құрметіне
бөлене беріңіздер. Мемлекетіміздің тыныштығы
мен тұрақтылығы жолындағы қызметтеріңізге
сәттілік серік болсын!
– Әңгімеңізге рақмет!
Сұхбаттасқан
Ақтоты ЖАҢАБАЙ.