Саябақтарда сенбілік жұмыстары өтті
ӨТКЕН СЕНБІ КҮНІ АУДАНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА КЕЗЕКТІ СЕНБІЛІК
ҰЙЫМДАСТЫРЫЛЫП, САЯБАҚТАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ
ДЕМАЛЫС ОРЫНДАРЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ.
Сенбілік барысында саябақ аумақтары қоқыстан тазартылып,
көгалдар мен жаяу жүргіншілер жолдары ретке келтірілді. Тазалық
жұмыстарына аудан әкімдігіне қарасты бөлімдердің қызметкерлерімен қатар
мәдениет, спорт, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік сала мамандары
белсене қатысты.
Тазалық жұмыстарын сапалы әрі жедел орындау мақсатында арнайы
техникалар жұмылдырылып, жиналған қоқыстар белгіленген орындарға
шығарылды.
«Таза Қазақстан» акциясы аясында өткізілген мұндай сенбіліктер аудан-
ның санитарлық тазалығын сақтауға, қоғамдық орындардың көркін артты-
руға және тұрғындар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыруға бағыттал-
ған.
Жәнібек Базылбек.

