Ұлттық мұраны жаңғыртудағы ЖИ мүмкіндіктері
50 ViewsБүгінгі цифрлық дәуірде ұлттық құндылықтарды ұлықтаумен ғана шектелуге болмайды. Оларды жаңа ұрпақтың танымына жақындатып, заман талабына сай жаңғырта білу – уақыт жүктеген маңызды міндеттердің…
АУДАНДА ТҰРҒЫНДАРДЫ
БАСПАНАМЕН ҚАМТАМАСЫЗ
ЕТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР
ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ ЖАЛҒАСУДА. ӨТКЕН
АПТАДА АУДАНЫМЫЗДА БІРҚАТАР
ОТБАСЫҒА ЖАҢА ТҰРҒЫН
ҮЙЛЕРДІҢ КІЛТТЕРІ САЛТАНАТТЫ
ТҮРДЕ ТАБЫСТАЛДЫ.
Бұл – халықтың әлеуметтік жағдайын жақ-сар туға және азаматтарды қолжетімді бас пана-мен қамтамасыз етуге бағытталған мем ле кеттік
қолдаудың нақты нәтижесі.
Салтанатты шарада аудан әкімі Ернар
Есіркепов жаңа баспанаға ие болған отбасыларды
құттықтап, үй иелеріне тұрғын үй кілттерін
табыстады. Ша ра ға тұрғындармен қатар аудан
ардагерлері мен зиялы қауым өкілдері де қатысты.
Жалпы, ауданда тұрғындарды баспанамен
қамту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда.
Соңғы жылдары 406 тұрғын үй салынып, пайдалануға берілуде. Оның ішінде Арай алқабында
80 пәтерлі екі тұрғын үй, Луговой ауылында 20 қызметтік пәтер, 210 жеке тұрғын үй және «Асарлатып үй салу» жобасы аясында бой көтерген 15 баспана бар.
Бүгінде бұл игі бастамалардың жалғасы
ретінде «Отбасы банк» АҚ-мен бірлескен
жұмыстар жүргізілуде. Нәтижесінде биыл 145
отбасын баспанамен қамту жоспарланып отыр.
Айта кетейік, жыл басынан бері осы бағыттағы
жұмыстардың нәтижесінде 80 отбасы тұрғын үй
кілттеріне ие болды.
Жәнібек БАЗЫЛБЕК.