ӨНІМДІ ӨҢДЕГЕН ӨҢІРДІҢ ӨРІСІ КЕҢ немесе «Ақтоған» аграрлық өндірістің берік тірегіне айналды

8 Views

ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫНДА АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕК ҚАНА
ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШ ҚАЛЫПТАСТЫРАТЫН САЛА ЕМЕС, ЕЛДІ
МЕКЕНДЕРДІҢ ТЫНЫСЫН АЙҚЫНДАЙТЫН НЕГІЗГІ ТІРЕКТЕРДІҢ БІРІ. МҰНДА
ЖЕРДІҢ БЕРЕКЕСІН КӨРІП, МАЛДЫҢ БАБЫН ТАУЫП, МАҢДАЙ ТЕРМЕН
НӘПАҚАСЫН АЙЫРЫП ОТЫРҒАН ЕҢБЕК АДАМДАРЫНЫҢ КҮНДЕЛІКТІ
ЖҰМЫСЫ АУДАН ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ АХУАЛЫНА ТІКЕЛЕЙ ӘСЕР
ЕТЕДІ. СОНЫҢ НӘТИЖЕСІНДЕ БИЫЛ АГРАРЛЫҚ САЛАДА ӨСІМ БАЙҚАЛЫП,
АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖАЛПЫ КӨЛЕМІ 11,7 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕГЕ
ЖЕТТІ. БҰЛ ӨТКЕН ЖЫЛҒЫ КӨРСЕТКІШТЕН ЕДӘУІР ЖОҒАРЫ. ЯҒНИ АУДАН
ШАРУАЛАРЫ ӨНДІРІС КӨЛЕМІН АРТТЫРЫП ҚАНА ҚОЙМАЙ, ҚАЛЫПТАСҚАН
ҚАРҚЫНДЫ САҚТАП ОТЫР.

Саладағы қозғалысқа көз салғанда, оның
негізгі салмағы дәстүрлі түрде мал шаруа-шылығына тиесілі екені аңғарылады. Сонымен
бірге соңғы кезеңде өсімдік шаруашылығында да
серпін бар. Мұның өзі ауданның аграрлық әлеуеті
бір ғана бағытқа тәуелді емес екенін көрсетеді.
Бір жерде төрт түлік өсіріліп, ет пен сүт өндірілсе,
енді бір алқапта дәнді дақылдар жайқалып,
қамбаға астық құйылады. Ең маңыздысы –
осы екі бағыттың бірін-бірі толықтырып,
ауылдағы экономикалық айналымға жан бітіруі.
Ауылшаруашылығындағы мұндай нәтижені
қағаздағы цифрмен ғана өлшеу аздық етеді.
Оның ар жағында көктемгі егістен күзгі жиын-терімге дейін тыным таппайтын диқанның

еңбегі, техниканың уақытылы іске қосылуы,
жердің бабын білетін тәжірибе және өндірісті
жүйелі ұйымдастыру тұр. Аудан көлемінде
тіркелген 1476 шаруа қожалығының әрқайсысы
осы ортақ нәтижеге өзінше үлес қосып келеді.
Солардың ішінде жылдар бойы қалыптасқан
тәжірибесі мен өндірістік базасы бар, егін
шаруашылығын өңдеумен ұштастырып отырған
«Ақтоған» шаруа қожалығының орны бөлек.
Осындай жалпы аудандық көрсеткіштердің ар
жағында нақты еңбек ұжымдары тұр.
Бүгінде Тұрар Рысқұлов ауданында 1476
шаруа қожалығы тіркелген. Әр шаруашылықтың
өндіріс көлемі, бағыты мен мүмкіндігі әртүрлі
болғанымен, олардың жиынтық еңбегі ауданның
экономикалық көрсеткішін қалыптастырады.
Сол көптің ішінде өндірісті тек егіс көлемімен
өлшемей, оны өңдеу, сақтау және дайын өнім
шығарумен ұштастырып отырған шаруа-шылықтардың бірі – «Ақтоған» шаруа қожалығы.
«Ақтоғанның» тарихы 1999 жылдан
басталады. Шаруашылық бүгінде 6150 гектар
егістік жерді игеріп отыр. Бір қарағанда бұл тек
жер көлемі секілді көрінуі мүмкін. Алайда 6150
гектар ал қапты толыққанды өндірістік айналымда
ұстау айтарлықтай ұйымдастырушылық және
техни калық мүмкіндікті талап ететін жұмыс.
Мұнда егісті дайындаудан бастап тұқым себу,
күтіп-баптау, жинау, сақтау және өңдеу жұмыс-тарының барлығы бір жүйеге түсуі қажет.
Қазір шаруашылықта 36 адам тұрақты жұмыс
істейді. Науқандық кезеңдерде тағы 15 адам
жұмысқа тартылады. Яғни өндіріс қызған
уақытта еңбек ұжымы 50 адамнан асады. Аталған
көрсеткіш аудандағы бір ғана шаруашылықтың
ауылдағы жұмыспен қамтуға қосып отырған
үлесі. Ауыл шаруашылығының әлеуметтік
маңызы да осында. Өйткені шаруашылықтың
өндірістік қуаты артқан сайын тұрақты және
маусымдық жұмыс орындары да көбейеді.
Шаруашылықтың орташа өнімділігі 12 центнерді
құрайды. Алайда егіншілікте өнімділікке бір ғана
фактор әсер етпейді. Ауа-райы, жауын-шашын
мөлшері, топырақ құнарлылығы, тұқым сапасы,
агротехнология және техникамен қамтамасыз

ету деңгейі, барлығы гектар түсіміне ықпал етеді.
Сондықтан 12 центнерлік көрсеткішті бір жылдың
нәтижесі ретінде ғана емес, шаруашылықтың
өндірістік жүйесінің бір бөлігі ретінде бағалау
керек. Негізгі міндет – өнімділікті жыл сайын
тұрақтандырып, мүмкіндігінше арттыру. Бұл
бағытта техникалық база шешуші рөл атқарады.
«Ақтоған» шаруашылығында 9 комбайн, 17
трактор және 16 автокөлік бар. 6150 гектар егіс-тік көлемін есепке алғанда, мұндай техникалық  парк науқандық жұмыстарды қысқа мерзімде
ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Егін шаруа-шылығында уақыттың өзі өнімнің бір бөлігі.
Себу мерзімінің кешігуі де, орақтың созылып
кетуі де соңғы нәтижеге әсер етуі мүмкін.

Сондықтан техника саны материалдық актив қана
емес, өндірістің уақытылы жүруінің кепілі деп
қарастыру орынды.
ЕГІСТІКТЕН ДАЙЫН ӨНІМГЕ
ДЕЙІН: «АҚТОҒАННЫҢ»
ӨНДІРІСТІК ҚУАТЫ
«Ақтоғанның» тағы бір ерекшелігі – шаруа-шылықтың астықты тек өндірумен шектелмей,
оны өңдеуге дейін жеткізуі. 2005 жылы мұнда
элеваторлық кешеннің құрылысы іске қосылды.
Ростов қаласындағы «СевКавЭлеваторспецстрой»
кәсіпорнында Испаниядан әкелінген құрал-жабдықтар негізінде дайындалған қондырғылар
орнатылды. Бүгінде кешенде 6000 тонна астық
сақтайтын екі мұнара бар. Астық сақтау мүмкіндігі
өндіріс үшін аса маңызды. Себебі өнімді бірден
арзан бағамен өткізуге мәжбүр болмай, оны
сақтап, нарықтағы қолайлы кезеңді күтуге
мүмкін дік береді. Бұдан бөлек, шаруашылықта
астықтың тазалығын, ұн шығымын және сапасын
анықтайтын толық компьютерленген зертхана
жұмыс істейді. Бұл өндірістің бақылау жүйесін
күшейтіп қана қоймай, дайын өнімнің сапасын
тұрақтандыруға жағдай жасайды.
Өндірістік тізбектің келесі буыны – дайын
өнім шығару. Қазіргі уақытта «Ақтоған» макарон
өнімдерін өндіру бағытында да жұмыс істеп отыр.
Мұнда 30 түрлі макарон өнімі және ұсақ тартылған
бидай жармасы шығарылады. Яғни алқаптан
жиналған астық элеваторда сақталып қана қоймай,
өңдеу арқылы тұтынушыға дайын өнім түрінде
жетеді. Экономикалық тұрғыдан алғанда, бұл
– қосылған құнды ұлғайтудың нақты жолы.
Мұндай өндіріс ауыл шаруашылығының аудан
экономикасындағы әсерін де күшейтеді. Себебі
бір тонна астықты шикізат күйінде өткізудің
экономикалық қайтарымы мен сол астықтан
ұн немесе макарон өнімін шығарып сатудың
қайтарымы бірдей емес. Өңдеу өндірісі іске
қосылған сайын жаңа еңбек ресурсы тартылады,
энергия мен көлік қызметіне сұраныс артады,
өнімді орау, сақтау және өткізу сияқты қосымша
экономикалық байланыстар қалыптасады. Осы

тұрғыдан қарағанда, «Ақтоғанның» қызметі бір
ғана егін шаруашылығының шеңберінен шығып,
жергілікті экономикалық айналымға әсер ететін
өндірістік жүйеге айналған.
Аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің
бас маманы Азамат Маратұлы бұл жөнінде
шаруашылықтың жұмысын ауыл экономикасының
тұрақтылығымен байланыстырады.
– «Ақтоған» шаруа қожалығы ауданымызда
ширек ғасырдан астам уақыт бойы тұрақты
жұмыс істеп келе жатқан шаруашылықтардың
бірі. Оның ерекшелігі өндірістің тек егін егумен
шектелмей, астықты сақтау, өңдеу және дайын
өнім шығаруға дейін жалғасуында. Бұл ауыл
шаруашылығы өнімінің қосылған құнын ауданның
өзінде қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мұндай
шаруашылықтар жергілікті экономиканың
тұрақтылығына тікелей ықпал етеді, – дейді ол.
Маманның айтуынша, ірі шаруашылықтардың
тұрақты жұмыс істеуі бірнеше бағытта нәтиже
береді.
– Біріншіден, жер тиімді пайдаланылады.
Екіншіден, техника жаңарып, өндірістің техноло-гиялық деңгейі көтеріледі. Үшіншіден, тұрақты
және маусымдық жұмыс орындары қалыптасады.
Төртіншіден, өндірілген өнімді өңдеу арқылы
оның нарықтағы құны артады. Сондықтан біз

шаруашылықтардың тек бүгінгі өнім көлеміне
емес, олардың ұзақ мерзімді өндірістік әлеуетіне
де қараймыз. «Ақтоған» осы тұрғыдан алғанда
тәжірибесі қалыптасқан, өндірістік базасы бар
шаруашылықтардың қатарында, – дейді Азамат
Маратұлы.
Оның сөзінің жаны бар. Себебі ауданның 11,7
миллиард теңгелік ауылшаруашылығы өнімін
қалыптастыру үшін тек жер көлемінің көп болуы
жеткіліксіз. Ең бастысы, сол жерден алынған
өнімнің экономикалық айналымға қаншалықты
тиімді енгізілгені.
«Ақтоған» шаруашылығының басшысы Сейт-Хасан Ахаевтың еңбек жолы да осы өндірістің
қалыптасу тарихымен сабақтас. Тұрар Рысқұлов
ауданының тумасы еңбек жолын 1977 жылы
«Ақтоған» шаруа қожалығында жұмысшы болып
бастаған. Ал 1992 жылдан бері шаруашылық
басшысы қызметін атқарып келеді. Яғни шаруа-шылықтың бүгінгі өндірістік әлеуетінің қалып-тасуына ондаған жылдық тәжірибе негіз болған.
Шаруашылықтың егіншілік бағытындағы
жұмысы да бір күндік жоспарға құрылмаған.
Мәселен 2017 жылғы өнім үшін 4075 гектарға
күздік бидай, 100 гектарға жаздық арпа себіліп,
масақты дақылдардың әр гектарынан 20 центнерден
өнім жиналған. 2018 жылғы өнімге 5000 гектар
күздік бидай және 1200 гектар жаздық арпа егу
межеленген. Бұл деректердің бүгінгі жағдайдан
алшақтығы болғанымен, шаруашылықтың өнді-рістік ауқымының жылдар өте кеңейіп, техно ло-гия лық базасының нығайғанын көрсететін тарихи
кезең дер ретінде маңызды.
АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ – АУДАН
ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ БЕРІК
ӨЗЕГІ
Жалпы аудан бойынша бүгінгі көрсеткіштерге
қайта оралсақ, 2025 жылғы 9,2 миллиард теңгеден
биылғы 11,7 миллиард теңгеге дейінгі өсім
аграрлық сектордың экономикалық салмағы
артқанын көрсетеді. Оның ішінде өсімдік
шаруашылығының 1,5 миллиард теңгеден
2,8 миллиард теңгеге дейін өсуі ерекше назар

аудартады. Мал шаруашылығы да 7,7 миллиард
теңгеден 8,9 миллиард теңгеге дейін ұлғайып
отыр. Яғни өсім бір ғана бағыттың есе бінен
емес, екі негізгі саланың қатар ілгерілеуі арқылы
қалыптасқан. Сонымен бірге нақты көлем
индексінің мәнін де ескерген жөн. Өйткені
ақшалай көрсеткіштің өсуіне өнім көлемінен
бөлек баға өзгерістері де әсер етуі мүмкін.
Ал нақты көлем индексі өндірістің нақты
көле міндегі өзгерісті сипаттайды. Сондықтан
ауылшаруашылығының нақты көлем индексі
112,2 пайызға жетуі ауданның аграрлық өнді-рісінде нақты өсім бар екенін көрсететін маңызды
белгі. Азамат Маратұлының пікірінше, алдағы
міндет қол жеткізілген нәтижені сақтап қана
қоймай, оны сапалық тұрғыдан дамыту.
– Біздің мақсатымыз ауылшаруашылығында
тек өнім көлемін көбейту емес, өнімділікті арттыру,
өңдеу үлесін ұлғайту және шаруашылықтардың
технологиялық мүмкіндігін кеңейту. Өйткені
қазіргі жағдайда бәсекеге қабілеттілік тек қанша
өнім өндірілгенімен өлшенбейді. Оның сапасы,
сақталуы, өңделуі және нарыққа қандай өнім
ретінде шығарылатыны да маңызды. «Ақтоған»
секілді шаруашылықтардың тәжірибесі осы
бағыттағы жұмыстың нақты мысалы бола алады,
– дейді бөлім маманы.

Расымен де, ауылдың экономикалық әлеуеті
дәл осындай өндіріс орындарының тұрақ-тылығынан көрінеді. Бір жағында 6150 гектар
алқап, екінші жағында ондаған техника, тұрақты
жұмыс орындары, элеватор, зертхана, өңдеу
желісі және дайын өнім бар. Мұның барлығы
бір-бірінен бөлек қаралатын көрсеткіштер емес.
Олар бір өндірістік тізбектің буындары.
«Ақтоған» шаруа қожалығының мысалы
аудан экономикасындағы ауылшаруашылығының
маңызын нақты көрсетіп отыр. Мұнда жер
игеріліп қана қоймайды, өнім өндіріледі. Өнім
сақталып қана қоймайды, өңделеді. Өңдел ген
тауар аудан көлемінде ғана емес, ірі қалалар-дағы жәрмеңкелерге де шығарылады. Яғни
шаруашылықтың өндірістік циклі алқап тан
баста лып, нарықта аяқталады. Ауыл шаруашылығының берекесі де осында. Еңбекпен
игерілген жер, тиімді пайдаланылған техника,
өңделген өнім, тұрақты жұмыспен қамтылған
адам және жергілікті жерде қалыптасқан
экономикалық айналым – ауданның орнықты
дамуының нақты көрсеткіштері. Тұрар Рысқұлов
ауданындағы 11,7 миллиард теңгелік аграрлық
өнім – осы үлкен еңбектің сандық көрінісі болса,
«Ақтоған» секілді шаруашылықтар сол санның
ар жағындағы нақты өндірістің, нақты адамның
және нақты еңбектің айғағы.
Ел өркендеуінің тетігі кейде үлкен қала-лардағы өндіріс орындарынан ғана ізделеді. Ал
шын мәнінде оның берік іргетасы ауылда жатыр.
Егіс даласында еңбек еткен диқанның маңдай тері,
техникасын уақытында сайлаған механизатордың
еңбегі, өнімді өңдеген жұмысшының ісі және
өндірісті жүйелі ұйымдастырған басшы ның
тәжіри бесі қосылғанда ғана аудан эконо ми-ка сы ның көрсеткіштері өседі. «Ақтоғанның»
ширек ғасырдан астам тарихы осы қарапайым
тұжырым ның нақты дәлелі.
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий