Бір биік боп қаларыма сенем, бек…
7 ViewsАУЫЛДА ТҰРЫП, ҚАРАПАЙЫМ ҒҰМЫР КЕШКЕН, ӨЗІ ЖАЗҒАН ӨЛЕҢДЕРІ АРҚЫЛЫ МҰҚЫМ ҚАЗАҚҚА ЕСІМІ ЕЛЕУЛІ БОЛҒАН АҚЫН ҚУАНДЫҚ ШОЛАҚ ӨМІРДЕН ӨТСЕ ДЕ, ОНЫҢ ЛИРИКАҒА ТОЛЫ СЫРШЫЛ…
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы
заңының 31-бабы 1-тармағы 16) тармақшасына сәйкес, Т.Рысқұлов ауданы
әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Т.Рысқұлов ауданы көлемінде 2026 жылдың 1 қыркүйегінен 31 қазан
аралығында абаттандыру және санитарлық тазарту жұмыстарын өткізудің күзгі
екі айлығы жариялансын.
2. Абаттандыру және санитарлық тазарту бойынша күзгі екі айлық өткізу
туралы аудандық штаб мүшелерінің құрамы (№1 қосымшаға сәйкес) бекітілсін.
3. 2026 жылғы күзгі абаттандыру және санитарлық тазарту жөніндегі
іс-шаралар жоспары (№2 қосымшаға сәйкес) бекітілсін.
4. 2026 жылға арналған ауылдық округтер бойынша қыркүйек және қазан
айларында отырғызылатын жас ағаш көшеттерінің жоспары (№3 қосымшаға
сәйкес) бекітілсін.
5. Абаттандыру және санитарлық тазарту бойынша күзгі екі айлық
сенбіліктердің тұрақты өткізілуі бөлім және мекеме басшыларына жүктеліп,
тізімі бекітілсін (№4 қосымшаға сәйкес).
6. Ауылдық округ әкімдері күзгі екі айлық кезінде:
– тал-дарақтар және жас көшеттер отырғызу, елді мекендерде тазалық
жүргізу кезінде кең ауқымды іс-шаралар әзірлеп, жүзеге асыру;
– көлік және жаяу жүргіншілер жүретін жолдарды жөндеу, тұрғын үйлер мен
қоғамдық ғимараттардың, жекеменшік үйлердің қасбеттерін жөндеу, жаңарту
туралы тиімді жұмыстар жүргізу;
– көшелерде жарықтандыру, көрнекі ақпарат құралдарды жаңарту,
ескерткіштер мен бағандарды және шағын сәулет нысандарын ретке келтіру
бойынша шаралар қабылдасын.
7. Луговой (Жандар Жақсылықұлы Мұздыбаев) (келісім бойынша) және
Ақыртөбе (Узбеков Қайрат Медербекович) (келісім бойынша) орман және
жануарларды қорғау мекемелеріне орман питомниктерінде қажетті көлемде
көшеттер отырғызу шараларын жүзеге асыру ұсынылсын.
8. Ауылдық округ әкімдеріне және Жамбыл облысы полиция департаментінің
Т.Рысқұлов аудандық полиция бөлімінің бастығы Қуанышбеков Мадияр
Бейсенбекұлы (келісім бойынша) ауыл аймақтардағы учаскелік полиция
қызметкерлеріне ауданның елді мекендері мен олардың айналасындағы
аумақтардың санитарлық жағдайына, белгіленбеген жерлерде, автомобиль және
темір жол бойында кездейсоқ қоқыс төгетін орындарды болдырмауға бақылауды
күшейту ұсынылсын.
9. Ауылдық округ әкімдеріне «Таза Су-2014» ШЖҚ КМК-мен бірлесіп
орталықтандырылған су құбырлары бар ауылдардағы артезиан құдықтарының
айналасын тазартып, қорғау-қоршау зонасын орнату, көше бойындағы су
құбырларына тексеру жүргізіп, тесілген жерлерін уақтылы жою, байқау
құдықтарын тазартып, бетін жабу, су құбырларына залалсыздандыру
жұмыстарын ұйымдастыруды жүзеге асыру ұсынылсын.
10. Ауылдық округ әкімдері кездейсоқ жерде күл-қоқыстардың тасталуына
жол бермеу үшін өздеріне қарасты елді мекендерде арнайы күл-қоқыс тастайтын
орынды көрсететін бағыттаушы және тыйым салатын белгілердің орнатылуын
қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізсін.
11. Аудандық «Құлан таңы» газетінің редакторы Бықыбаев Нұрлан
Дүйсенәліұлы күзгі екі айлық абаттандыру және санитарлық тазарту бойынша
жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы газет бетіне материалдар жарияланып
тұруын қамтамасыз ету ұсынылсын.
12. Осы Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары
Құралбаев Ернар Сәбитбекұлына жүктелсін.
АУДАН ӘКІМІ Е. ЕСІРКЕПОВ