ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРГЕ МӘН БЕРІЛДІ

10 Views

Өткен аптада аудан әкімі Ернар Есіркепов
бекітілген кестеге сәйкес, тұрғындардың
өтініш-тілектерін тыңдап, жеке мәселелері
бойынша қоғамдық қабылдау өткізді.
Қабылдауға Тереңөзек және Құлан
ауылдық округтерінің тұрғындары қатысып,
Көкарық ауылы аумағынан шаруашылық
жүргізу мақсатында жер телімін алу,
баспанамен және жұмыспен қамту, ауыз су
мәселесін шешу, кәсіпкерлікті дамытуға
қолдау көрсету сынды бірқатар мәселелерін
жеткізді.
Аудан әкімі әрбір өтінішті мұқият
тыңдап, жауапты сала басшыларына тиісті
тапсырмалар берді.
Қабылдау барысында бірқатар мәселе сол
жерде шешімін тапса, қосымша зерделеуді
қажет ететін өтініштер толық шешілгенге
дейін бақылауға алынды.
«ҚҰЛАН МЕДИА» АҚПАРАТ

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий