ОТБАСЫ – қоғамның берік негізі
25 ViewsОтбасы – адам өміріндегі ең маңызды құндылықтардың бірі. Отбасындағы өзара түсіністік, сыйластық пен жауапкершілік қоғамның тұрақтылығына тікелей әсер етеді. Осы бағытта аудан әкімдігінің «Отбасын…
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖАРЛЫҒЫНА СӘЙКЕС,
ХАЛЫҚПЕН ТҰРАҚТЫ КЕЗДЕСІП, ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕГІ
ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ЗЕРДЕЛЕУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ
ЖОЛДАРЫН ҚАРАСТЫРУ – БАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ӘКІМДЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ МАҢЫЗДЫ БАҒЫТТАРДЫҢ БІРІ.
Осыған орай, өткен сәрсенбіде
аудан әкімі Ернар Есіркепов Ақыртөбе
ауылдық округінің тұрғындарымен
кездесу өткізіп, елді мекеннің әлеуметтікэкономикалық даму барысын
талқылады.
Кездесу барысында аудан басшысы
ауданда атқарылып жатқан жұмыстар
мен алдағы кезеңге жоспарланған
жобалар жөнінде баяндады. Сондайақ, тұрғындардың ұсыныспікірлері мен
талаптілектері тыңдалды.
Жиында ауыл тұрғындары төрттүлік
малды жаюға қажетті жайылымдық
жердің тапшылығын көтерді. Осыған
байланысты округ аумағын кеңейту мүмкіндігін қарастыру жөнінде ұсыныс айтылды. Бұдан бөлек ауыз су
мәселесін шешу, ауылда мемлекеттік
балабақша салу және округ әкімдігі
қызметкерлеріне арналған жаңа ғимарат
бой көтеруіне ықпал ету жөніндегі ұсыныстар да ортаға салынды.
Тұрғындар соңғы уақытта ауыл
аумағында электр энергиясының
жиі өшетінін айтып, бұл мәселенің
себебін анықтап, тұрақты шешім
қабылдау қажеттігін жеткізді. Осыған
байланысты аудандық электр тарату
жүйелері мекемесінің басшылығына
тиісті түсініктеме беріп, мәселені
зерделеу тапсырылды.
Аудан әкімі көтерілген мәселелердің әрқайсысы назардан тыс қалмайтынын айтып, жауапты бөлімдер мен
мекеме басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Сонымен қатар тапсырмалардың орындалуын жеке бақылауына алатынын жеткізді.
Айта кету керек, соңғы жылдары
Ақыртөбе ауылдық округінде бірқатар
маңызды әлеуметтік нысан ел игілігіне
берілді. Атап айтқанда, ауылда сәулеті
заманауи мәдениет үйі мен спорт кешені
халыққа қызмет көрсетіп келеді. Ал
жуырда округке қарасты Малдыбай
ауылында 120 балаға арналған жаңа
мектеп пайдалануға берілді. Жаңа білім ошағының ашылуына
байланысты тұрғындар бұрынғы мектеп
ғимаратын да қараусыз қалдырмай,
тиімді мақсатта пайдалану мәселесін
көтерді. Бұл ұсыныс та назарға алынып,
алдағы уақытта тиісті жұмыстар жүргізу
қажеттігі айтылды. Кездесу соңында аудан әкімінің жеке
қабылдауы өтті. Қабылдауға келген
ауыл тұрғындары өздерін толғандырған
бірқатар мәселелерді ортаға салып,
оларды шешу жолдарын қарастыруды
сұрады.
Жәнібек БАЗЫЛБЕК.