ОТБАСЫ – қоғамның берік негізі
25 ViewsОтбасы – адам өміріндегі ең маңызды құндылықтардың бірі. Отбасындағы өзара түсіністік, сыйластық пен жауапкершілік қоғамның тұрақтылығына тікелей әсер етеді. Осы бағытта аудан әкімдігінің «Отбасын…
ӨТКЕН СӘРСЕНБІДЕ
АҚЫРТӨБЕ АУЫЛДЫҚ
ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН
КЕЗДЕСКЕН АУДАН БАСШЫСЫ
ЕРНАР ЕСІРКЕПОВ КЕШЕ
ӨРНЕК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ
ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ.
Кездесу барысында аудан аумағында
атқарылған жұмыстарға жекежеке
тоқталып, құрылыс, инвестиция тарту,
инфрақұрылымды дамыту, агросаланы
цифрландыру, өнім көлемін арттыру
сынды бағыттар бойынша атқарылған
жұмыстарды тізбектеп шықты. Кездесу
бір тарапта өтпей, кезек тұрғындарға да
беріліп, ауыл азаматтары өз ұсыныстілектерін жеткізді.
Естеріңізде болса, осыдан бірнеше
жыл бұрын округке қарасты Сұмқайтты
елді мекеніне ауыз су жеткізілген
болатын. Енді тұрғындар сол таза ауыз
суды үйдіүйді жеткізіп берсе деген
өтініштерін де жеткізді. Одан бөлек
Жарлысу ауылынының азаматтары
дренаждар мен көпірлерді тазалау
сынды мәселелерді ортаға салды. Ал
сәлімбайлық тұрғындар ауылдағы
электр жарығын реттеп, 5 көшеге
жол төсеу керектігін жеткізді. Аудан
басшысы аталмыш сауалдарға толыққанды жауап беріп, кезегін күткен
мәселелер өз бақылауында болатынын
айтып, жауапты тұлғаларға бірқатар
тапсырмалар берді.
Жиын соңынан аудан әкімі ауыл
аумағын аралап, бірқатар нысандардың
жұмыстарымен танысты. Соның бірі –
жаңадан бой көтерген ветеринариялық
пункт. Агросаланың дамуына айрықша
серпін беретін нысанды толық аралап,
құрылыс сапасына ерекше назар аударды. Сондайақ, аудан әкімі ауыл әкімі
Айхан Назарбековке санитарлық тазалыққа ерекше мән беру керектігін
айтып, Мемлекет басшысының «Таза
Қазақстан» тұжырымдамасындағы
қағидаларды берік ұстануға шақырып,
өз көзімен көрген кемшілікті бір апта
ішінде ретке келтіру керектігін айтты.
Жәнібек СҰЛТАН.