Тәрбиенің өзегі – балабақшадан басталады
16 Views«Театр – киімілгіштен басталады» деген сөз бар. Сол секілді бала тәрбиелеу ісінің алғышарты да балабақшадан басталатыны сөзсіз. Осы ұғымды мақсат еткен аудандық аналар кеңесі…
БАС ПАРТИЯНЫҢ БАҒЫТЫ АЙҚЫН
«Нұр Отан» партиясына биыл -20 жыл. Бүгінде партия халық сеніміне ие болып, еліміздегі белді саяси партияға айналды. Құрылғаннан бері Елбасы саясатын насихаттап, халық алдындағы міндетті істерді атқарып келеді. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев жетекшілік ететін «Нұр Отан» партиясы еліміздегі қоғамды ұйыстыратын көшбасшы партия ғана емес, әлемдік деңгейде де өзіндік жолы, бағыт-бағдары айқын саяси күш. Өткенді ой елегінен өткізіп, тарихи деректерге көз жүгіртер болсақ, 1999 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Отан» партиясы құрылғаны белгілі. 1999 жылғы 1 наурызда партияның I құрылтай съезі өтіп, онда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бірауыздан партия Төрағасы болып сайланды. Саяси кеңес, Орталық ревизия комиссиясының кұрамы бекітіліп, партия Жарғысы қабылданды. Сонымен бірге, съезд делегаттары маңыздылығы жағынан тарихи болып саналатын «Отан» республикалық саяси партиясының, Қазақстан халықтар бірлігі партиясы, Қазақстанның демократиялық партиясымен, Қазақстанның либералдық қозғалысы, «Қазақстан -2030» қозғалысымен бірігуі туралы қарарды қабылдады. 2002 жылғы 9 қарашада Алматы қаласында «Отан» республикалық саяси партиясының кезектен тыс IV съезінде «Отан» Қазақстанның халықтық-кооперативтік партиясы мен Республикалық еңбек саяси партиясының қосылуы туралы шешім қабылданды. 2006 жылғы 4 шілдеде Астанада Республикалық «Отан» саяси партиясының кезектен тыс ІХ съезі өтіп, «Асар» партиясының, ал, 2006 жылғы 22 желтоқсанда өткен кезектен тыс Х съезінде Азаматтық және Аграрлық партиялардың «Отан» партиясы қатарына қосылуы туралы шешім қабылданды. Партияның Х съезінде көпшілік дауыспен Қазақстанның жетекші саяси күшін «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы етіп өзгерту туралы шешім қабылданды. Ал 2013 жылғы 18 қазанда «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясы «Нұр Отан» партиясы болып өзгертілді. Құрылғанына 20 жылға жуық уақыт болған іргелі партияның қалыптасу, өсу, өркендеу жолы осылайша өрілген еді.
Қазақстан – бүгінгі күні іргесі берік, ынтымағы жарасқан, экономикасы күннен-күнге, жаңашылдыққа ұмтылып, инновациялық-индустриалды бағытта дамыған қуатты мемлекетке айналуда. Міне, осынау тәуелсіздік алған жылдар аясындағы ел ырысын арттырып, береке-бірлігін нығайту жолындағы «Нұр Отан» партиясының үлесі зор, ізі айшықты. «Нұр Отан» партиясы «Қазақстан -2050 стратегиясы -қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Стратегиялық бағдарламасын негізге алып, қоғам өміріндегі маңызы зор мәселелерге араласып, ел дамуына елеулі үлес қосып келе жатқаны мәлім. Тарихи құжаттың басты бағыты -халықтың әлеуетін көтеру, инновациялық-инфрақұрылымдық талаптарды негізге ала отырып, ел игілігіне бағыттау болып табылады. «Нұр Отан» еліміздің барлык аймақтарында қанатын жайған, қатары көп, халықтың зор сеніміне ие болған жетекші партия ретінде жарқын істердің жаршысы әрі дем берушісі болып келеді.
«Нұр Отан» партиясының 20 жылдық мерейтойы қоғамның барлық саласында уақыт ағымына сай модернизациялау, экономикалық және технологиялық, саяси, әлеуметтік және рухани жаңғыру үдерісімен үндесіп, көптеген игі істерге серпін беріп келеді. Ең бастысы, Ұлт Көшбасшысы белгілеген әлемдегі дамыған 30 елдің қатарынан лайықты орын алуға ұмтылған тәуелсіз Қазақстан елінің тұғыры берік, мәртебесі биік, болашағы жарқын болсын. Осы бағытта «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» еңбек етейік, дегім келеді.
Г.Доскожаева,
«Алтын сақа» бөбекжай –
бақшасының меңгерушісі.