НӘЗІКТІК пен ҚАЙСАРЛЫҚ тоғысқан жол
9 ViewsЖуырда Тараз қаласында бокстан 2009-2010, 2011-2012 және 2013-2014 жылдары аралығында туылған жастар мен жасөспірім қыздар арасында Жамбыл облысының чемпионаты өтті. Жарыс қорытындысы бойынша №24…
Табиғи газ – тұрмыста кеңінен
қолданылатын тиімді әрі қолайлы
отын түрі. Алайда газ құрылғыларын
дұрыс пайдаланбау немесе қауіпсіздік
талаптарын сақтамау адам өмірі мен
денсаулығына қауіп төндіріп, өртке,
жарылысқа және газдан улануға әкелуі
мүмкін. Сондықтан әрбір тұрғын газды
пайдалану кезінде қарапайым, бірақ
маңызды қауіпсіздік талаптарын білуі
және қатаң сақтауы қажет.
Газ құрылғыларын
пайдаланудың негізгі қауіпсіздік
талаптары:
Жалпы талаптар: Ең алдымен
газ құрылғылары тек жарамды күйде
және белгіленген талаптарға сәйкес
пайдаланылуы тиіс. Газ плитасын,
қазандықты немесе басқа да газ
жабдықтарын өз бетінше орнатуға,
бөлшектеуге және жөндеуге болмайды.
Мұндай жұмыстарды тиісті біліктілігі
бар мамандар орындауы қажет.
Желдету және бақылау:
– газ құрылғысын қолданар алдында
бөлменің желдетілуін қамтамасыз ету
керек. Әр үйдегі желдету арналарының
ашық әрі жарамды болуына ерекше
назар аударған жөн;
– газ плитасында тамақ дайындау
кезінде оны қараусыз қалдыруға
болмайды. Әсіресе балалардың газ
құрылғыларына жақындауына жол
бермеу қажет;
– газ құрылғысы жұмыс істеп тұрған
кезде үйден шығып кетуге болмайды.
ГАЗДЫҢ ИІСІ СЕЗІЛСЕ НЕ
ІСТЕУ КЕРЕК?
Егер тұрғын үйде газдың иісі сезілсе, ең бастысы – үрейге берілмей, қауіпсіздік шараларын дереу орындау керек.
Олар:
– газ құрылғыларын пайдалануды
дереу тоқтату;
– мүмкін болса, газ кранын жабу;
– терезелер мен есіктерді ашып, бөлмені желдету; – электр қосқыштарын қоспауға
және өшірмеуге (жарықты немесе
құрылғыларды қосу/өшіру кезінде
ұшқын шығуы мүмкін);
– сіріңке, оттық және ашық от
қолданбау;
– телефонды газ иісі бар бөлменің
ішінде пайдаланбау;
– адамдарды қауіпсіз жерге (сыртқа)
шығару;
– сыртқа шыққаннан кейін авариялық газ қызметіне (104) хабарлау.
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ: газдың иісін
сезген кезде электр жарығын жағу
немесе өшіру, тұрмыстық электр
құрылғыларын қосу өте қауіпті!
Қауіпсіздік – қарапайым әдеттен
басталады
Түтін мұржалары мен желдету:
Газ құрылғыларының түтін мұржасы
мен желдету жүйелерінің жағдайын
тұрақты бақылау маңызды. Желдету
арналарының бітелуі немесе түтіннің
дұрыс шықпауы көміртек тотығының
(ис тию) жиналуына себеп болуы мүмкін.
Көміртек тотығы – түссіз әрі иіссіз газ.
Оның қауіптілігі де осында. Сондықтан
газ құрылғыларын пайдалану кезінде
бөлмені тиісті деңгейде желдету және
жабдықтардың техникалық жағдайын
бақылау қажет.
Ортақ жауапкершілік: Әрбір
отбасы газ қауіпсіздігі талаптарын
сақтауды күнделікті әдетке айналдыруы
тиіс. Қауіпсіздік ережесін сақтау – тек
газ қызметінің немесе мамандардың
емес, әрбір тұрғынның ортақ міндеті.
Газды дұрыс пайдалану – өз өміріңді,
жақындарыңды және үйіңді қорғау.
Қауіпсіздікке немқұрайлы қарамайық!
Газ жүйесі бойынша 104 нөміріне
хабарласыңыз.
«QAZAQGAZ AIMAQ»
Т.Рысқұлов аудандық газ
шаруашылығы.