Ертегі – баланың ертеңін қалыптастырады

11 Views

Р.Сабденов ауылында орналасқан

«Бәйшешек» бөбекжай-бақшасының және

аудандық аналар кеңесінің ұйымдастыруымен

жылдық жоспарға сәйкес, жақында «Ертегі

– баланың ертеңін қалыптастырады» атты

аудандық семинар өтті. Семинарға аудандық

ардагерлер Кеңесінің төрағасы Қожайхан

Қозыбайұлы, аудандық аналар кеңесінің

төрайымы Түзел Алагөзова және аудандық

аналар кеңесінің мүшелері мен аудандық

ардагерлер кеңесінің мүшелері, Ақбұлақ

ауылдық ақсақалдар алқасынан Бектас Исаев

және балабақшамыздың ардагер ұстазы

Шаһризада Сейсенбаева қатысты.

Семинар бағдарламасы аясында семинарға

қатысушыларды бөбекжай-бақша меңгерушісі

Қаламқас Корымбаева балабақшаға саяхат

б а р ы с ы н д а т о п т а р д а ғ ы М о н т е с с о р и

технологиясымен, АКТ, ойын, ертегі және асық

технологияларымен таныстырды.

Бақшамыздың тәрбиеленушілерінің әжесі

Бурлибаева Фермакуль «Бауырсақ» ертегісін

көлеңкелі театр арқылы айтып берді.

Бағдарламаның практикалық бөлімінде

«Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегісін

ересек тобымыздың тәрбиеленушілері сахналық

қойылым арқылы көрсетті. Ертегіде кішкентай

ғана қарлығаштың үлкен зұлымдыққа қарсы

тұрып, адамзатқа көмектескені баяндалады.

Қарлығаштың ерлігі мен жанашырлығы

оның кішкентай болса да, жүрегі үлкен екенін

көрсетеді.

Бұл ертегінің тәрбиелік мәні зор. Семинар

жұмысына риза болған қонақтар, аудан

ардагерлері бүлдіршіндерге батасын беріп,

алғыстарын жаудырып, бүлдіршіндердің

болашақтарынан үлкен үміт күтетіндерін

жеткізді.

P.S. Ертегі – халықтың ғасырлар бойы

жинақтаған асыл мұрасы, ұрпақтан-

ұрпаққа жалғасып келе жатқан рухани

қазынасы. Ертегі тыңдап өскен баланың

қиялы қанаттанып, дүниетанымы

кеңейеді. Ол жақсылық пен жаман-

дықты ажыратып, адалдықты, мейірім-

ділікті, батылдық пен адамгершілікті

бойына сіңіреді. Сондықтан ертегінің бала

тәрбиесіндегі маңызы ерекше.

Әсем ТУЛЕПБАЕВА,

«Бәйшешек» бөбекжай-бақшасының

әдіскері.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий