КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛАЙ ҚОРҒАЛАДЫ?
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ
ТОҚАЕВ «ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН:
ІСҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ» АТТЫ ХАЛЫҚҚА
АРНАҒАН ЖОЛДАУЫНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ
ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДЫ, ОНЫҢ
ІШІНДЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҒЫНА
БАЙЛАНЫСТЫ ТЕРГЕЛІП ЖАТҚАН ӘРБІР ІСТІ БАҚЫЛАУ
АРҚЫЛЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҚАЖЕТТІГІН АТАП ӨТКЕН
ЕДІ. ЕСКЕ САЛСАҚ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА
ЮВЕНАЛЬДЫ ӘДІЛЕТ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУДЫҢ 2009-
2011 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ТҰЖЫРЫМДАМАСЫНДА:
«МЕМЛЕКЕТТІК ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТТЫҢ БАСЫМ
БАҒЫТТАРЫНЫҢ БІРІ – БАЛА ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУДЫ
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ, БҰЛ ОЛАРДЫҢ ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫНДА,
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТАР МЕН ӨЗГЕ ДЕ НОРМАТИВТІК
ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДЕ БЕКІТІЛІП БЕРІЛГЕН ӘЛЕУМЕТТІК-
ЭКОНОМИКАЛЫҚ, САЯСИ, ЖЕКЕ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН
БОСТАНДЫҚТАРЫНЫҢ БҮКІЛ ТОЛЫҚТЫҒЫН ТАНУДЫ
БОЛЖАЙДЫ, АЛ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ
ҚҰҚЫҚТАРЫН САҚТАУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ОЛАРДЫ
ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАУМЕН ТІКЕЛЕЙ БАЙЛАНЫСТЫ», – ДЕП
КӨРСЕТІЛГЕН.
Қазақстанда ювенальды әділет-
ті енгізудің басты бағыты
– заңнаманы жетілдіру. Осыған орай
ювенальды әділет – бұл тек кәмелетке
толмағандардың құқықтары мен заңды
мүдделерін қорғауға, оларға қатысты
сот төрелігін жүзеге асыруға арналған
мемлекеттік және өзге де органдар
мен ұйымдардың кешені ғана емес,
сонымен бірге тиісті заңнаманы қамти-
тын жүйе. Қылмыстық құқық бұзу-
шылық жасаған кәмелетке толмаған
тұлғалар санының көрсеткіштері
практикалық түрде бір деңгейде
қалғаны және жыл сайынғы төмен-
деуінің оң үрдісі байқалады. Дегенмен,
заңмен қайшылықта қалған кәмелетке
толмаған бала көмекті, әсіресе іс
жүргізу процесінде кешенді сүйе-
мелдеуді әрі қолдауды қажет етеді.
Қазақстан Республикасының
қылмыстық және қылмыстық-
процестік заңнамасының кәмелетке
толмағандарға қатысты қылмыстық
істерді сотқа дейінгі тергеп-тексеру
және сот талқылауын жүргізуде
өзіндік ерекшеліктері бар. Кәмелетке
т о л м а ғ а н д а р ө з д е р і н і ң ж а с
ерекшеліктеріне орай, қылмыстық іс
жүргізудің ең осал қатысушылары,
сол себепті, олардың құқықтары
мен бостандықтарының қорғалуын
қамтамасыз ету – тікелей мемлекеттің
міндеті. Қазақстан Республикасы
Қылмыстық-процестік Кодексінің
56-тарауы қылмыс жасалған кезде он
төрт жасқа толған, бірақ, он сегіз жасқа
толмаған адамдарға қатысты іс жүргізу
тәртібін қарастырған, онда қылмыстық
құқық бұзушылық субъектісінің
жасын ескере отырып, қылмыстық
істерді сотқа дейінгі тергеп-тексерудің
және сот талқылауының жалпы
тәртібін толықтырады және кәмелетке
толмағандар жасаған қылмыстық істер
бойынша объективті шындыққа қол
жеткізудің белгілі бір кепілі болып
табылады.
Әрине, әрбір іс бойынша
шындықты тану, ол тікелей
дәлелдемелердің толықтығымен,
жан-жақтылығымен және объек-
тивтілігімен байланысты. Ал іс
бойынша кәмелетке толмағандардың
қатысуымен дәлелдемелер жинау үшін
процесті жүргізуші органға қосымша
талаптар жүктелетіні де белгілі. Сол
талаптардың бірі – қылмыстық іске
заңды өкілдің қатысуын және олардың
заңмен белгіленген құқықтарын
қамтамасыз ету. Заңды өкілдің негізгі
рөлі – оның сотқа дейінгі тергеп-
тексеру мен сот отырысы барысында
кәмелетке толмағанның құқықтары
мен заңды мүдделерін қорғай отырып,
психологиялық және моральды түрде
қолдау көрсетуін жатқызуға болады.
Бұл – заңды өкілдің қылмыстық іс
жүргізуге қатысуының орынды екенін
дәлелдейді. Себебі, заңды өкіл белгілі
бір дәрежеде қорғауды кәсіби-заңды
тұрғыдан емес, моральдық тұрғыдан
жүзеге асырады.
Заң шығарушы iстi дұрыс
шешуге қажеттi және жеткiлiктi
мән-жайларды жан-жақты, толық
және объективтi зерттеу мақсатында
кәмелетке толмағанның өмір жағдайы
мен тәрбиесін, қылмыстың жасалуына
себеп болған мән-жайларын анықтау
үшін заңды өкілдің рөлін айқындаған.
Ал Қылмыстық-процестік Кодекстің
7-бабының 13-тармағында заңды
өкіл ретінде іске қатысуға тартылуы
мүмкін адамдардың толық тізімі
келтірілген. Олар – ата-аналары,
асырап алушылары, қорғаншылары,
қамқоршылары, сондай-ақ, күдіктiнi,
айыпталушыны немесе жәбiрленушiнi
қорғап немесе асырап отырған ұйымдар
мен адамдардың өкiлдерi.
Айта кету керек, қолданыстағы
заңнаманың талаптары жақын
туыстарының барлығын заңды өкіл
ретінде қатыстыруға жол бермейді, тек
қана Қылмыстық-процестік Кодекстің
7-бабының 13-тармағында көрсетілген
адамдар ғана бола алады. Алайда,
тәжірибеден кәмелетке толмағанның
заңды өкілі ретінде жақын туыстарын да
тану фактілері орын алатынын байқауға
болады. Жақын туыстарға қылмыстық-
процестік заңнамаға сәйкес, ата-аналар,
балалар, асырап алушылар, асырап
алынғандар, ата-анасы бір және ата-
анасы бөлек ағалы-iнiлер мен апалы-
сiңлiлер, ата-әже, немерелер жатады.
Мы с а л ы , т е р г е п — т е к с е р у
с а т ы с ы н д а Қ а з а қ с т а н
Республикасы Қылмыстық Кодексінің
106-бабының 2-бөлігінің 7-тармағымен
сотқа берілген кәмелетке толмаған К.-
ның ата-анасы Тараз қаласында болуына
байланысты, заңды өкілі ретінде Астана
қаласында тұратын туған апасы А.
танылған. Алайда, іс сотқа келіп
түскенде, сот заңды өкілдердің тізімі
процестік нормамен бекітілген және
шектеулі болғандықтан, Қылмыстық-
процестік Кодекстің 7-бабының
13-тармағы негізінде кәмелетке
толмаған К.-ның заңды өкілі ретінде
анасын танып, тиісті қаулы шығарған.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық
процестік Кодекстің 537-бабына сәйкес,
заңды өкіл, ал ол болмаған жағдайда
қорғаншылық және қамқоршылық
органның өкілі іске тергеушінің
қаулысымен кәмелетке толмағаннан
күдікті ретінде алғашқы жауап алған
кезден бастап қатыстырылуы тиіс.
Бұл ретте тергеушінің кәмелетке
толмағанның басқа қаладағы заңды
өкілдерін қатыстыра алмауы себепті
тергеу әрекеттерін жүргізу үшін
жақын туысын қатыстырғаны аталған
Кодекстің 7-бабының 13-тармағына
қайшы екенін байқаймыз.
Осы тұста ата-анасы бар,
бірақ басқа қалада болуына
байланысты қатыстыру мүмкін
болмаған жағдайда, тергеуші заңды
өкіл ретінде кімді қатыстыру қажет
еді деген сұрақ туындайды. Сондай-ақ,
заң шығарушы «заңды өкіл болмаса»
деп ата-анасының мүлдем болмауын
көздеп отыр ма, әлде қатысуға
мүмкіндігі болмаған жағдайды танып
отыр ма? Тергеуші осындай жағдайда
қорғаншылық және қамқоршылық
органы өкілін тарта алады ма? Жоғарғы
Соттың нормативтік қаулысына сай,
«егер кәмелетке толмағанның ата-
анасы болмаса, жалғыз тұрса не оны
басқа біреу асырап, тиісті түрде оның
қорғаншысы немесе қамқоршысы
болып тағайындалмаса, іске міндетті
түрде қорғаншы және қамқоршы
органдарының өкілдері қатыстырылу
қажет». Сонымен қатар, «Қазақстан
Р е с п у б л и к а с ы н д а ғ ы б а л а н ы ң
құқықтары туралы» заңның 43-бабына
сәйкес, ата-анасының қамқорлығынсыз
қалған балаға өкілдік ету мен оның
құқықтарын және заңмен қорғалатын
мүдделерiн қорғау уақытша, баланы
о т б а с ы н а не м е с е б а л а л а р ды ң
қ ұ қ ы қ т а р ы н қ о р ғ а у ж ө н i н д е г i
функцияны жүзеге асырушы ұйымға
орналастырғанға дейiн қорғаншылық
және қамқоршылық органына жүктеледi
деп көрсетілген.
Ат а л ғ а н н о р м а л а р д а н
з а ң ды ө к і л д е р м ү л д е м
болмаған жағдайда, қорғаншылық
және қамқоршылық органдарының
өкілдерін қатыстыратынын түсінуге
болады. Сонымен қорғаншылық және
қамқоршылық органының заңды
өкіл ретінде қатысуы бөлек мәселе.
Қорғаншылық және қамқоршылық
органының өкілі бірнеше шарттар
сақталған жағдайда заңды өкіл ретінде
тартылуы мүмкін.
1) кәмелетке толмаған адамның
ата-анасының немесе асырап алушы-
ларының болмауы;
2) кәмелетке толмағанды тиісті
мекеменің немесе ұйымның қам-
қорлығына беру туралы қорғаншылық
және қамқоршылық органының шешімі
болмағанда;
3) қорғаншы және қамқоршы
органның кәмелетке толмаған адам-
ға қорғаншы немесе қамқоршы
тағайындау туралы шешімі болмағанда.
Осыған байланысты, қорғаншылық
және қамқоршылық органының
өкілін қылмыстық процеске тартудың
тиімділігі және оның мүдделері
кәмелетке толмаған адамның мүдде-
леріне қаншалықты сәйкес келетіні
туралы мәселе туындайды. Сондықтан,
қорғаншылық және қамқоршылық
органы қызметкерін заңды өкіл
ретінде тарту ерекше жағдайларда
ғана жүргізілуі тиіс. Сонымен қатар
қорғаншылық және қамқоршылық
органының өкілін Қылмыстықпроцестік
Кодексінің 7-бабының 13-тармағында
көзделген заңды өкілдер тізіміне
енгізу қажет деп санаймыз. Демек,
заңды өкілі бола тұра уақытша қатысу
мүмкіндігі болмаған жағдайда, ата-
анасы кіріскенше қорғаншылық және
қамқоршылық органының өкілін тарту
да дұрыс емес. Аталған жағдайда
тергеуші шын мәнінде тығырыққа
тіреледі. Сондықтан, көптеген заңгерлер
кәмелетке толмағанның заңды өкілдері
деп танылуы мүмкін адамдардың тізімін
кеңейтуді ұсынуда.
– Бұған қоса Қылмыстық-процестік
Кодексінің 7-бабында «заңды өкілдер»
термині тек кәмелетке толмаған
күдіктілерге, айыпталушыларға және
жәбірленушілерге, азаматтық талапкерге
қатысты қолданылатыны белгіленген.
Алайда, заңды өкілдері қылмыстық
сот ісін жүргізу шеңберінде құқықтары
мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге
асыратын кәмелетке толмағандардың
барлығына қатысты ескерілмегенін
б а й қ а у ғ а б о л а ды . Қ ы л м ы с т ы қ
процестегі заңды өкілдер кәмелетке
толмаған күдіктінің, айыпталушының
және жәбірленушінің ғана емес, сонымен
бірге кәмелетке толмаған куәлардың
(ҚПК-нің 215- бабы), кәмелетке
толмаған сотталушының (ҚПКнің
75, 542-баптары), үкімді орындауға
байланысты мәселелерді шешу кезінде
кәмелетке толмаған сотталғанның
(ҚПК-нің 481, 488-баптары) мүдделерін
білдіреді. Сондықтан, ҚПК 7-бабының
1 3 ) т а р м а ғ ы н а т о л ы қ т ы р у л а р
енгізіп, «заңды өкiлдер – күдіктiнiң,
айыпталушының, сотталушының,
сотталған адамның, жәбірленушінің,
куәнің, азаматтық талапкердің…» деп
көрсеткен жөн деп санаймыз, – дейді
заңгер А.Актулиева.
Кә м е л е т к е т о л м а ғ а н
күдiктiнiң, айыпталушының,
сотталушының ата-анасы немесе басқа
заңды өкiлдерi болған жағдайда олардың
iске қатысуы мiндеттi болып табылады.
Кәмелетке толмағанның ата-анасының
біреуі немесе екеуі де заңды өкіл ретінде
қатыса алады. Егер ата-ананың бірі
қорғаушы ретінде қатысса, бір мезгілде
кәмелетке толмаған адамның заңды
өкілі ретінде қатыса алмайды. Ал
олар болмаған кезде қорғаншылық
және қамқоршылық органы өкілінің
қатысуы міндетті. Бұл ретте, кәсіби
қорғаушының іске қатысуы кәмелетке
толмаған айыпталушының, күдіктінің,
сотталушының заңды өкілін іске
қатыстыру міндетінен босатпайтынын
айта кеткен жөн. Сотқа дейінгі іс
жүргізуде заңды өкiл кәмелетке
толмағанға не жөнiнде күдiк келтiрiлiп
отырғанын бiлуге, тергеу әрекеттерiне
қатысуға, іс материалдарымен
танысуға және ондағы жазбалардың
дұрыстығы мен толықтығына жазбаша
ескерту жасауға, өтінішхаттар, қудалау
органдарына сенімсіздік туындағанда
қарсылық білдірулер мәлімдеуге,
олардың әрекеттері мен шешімдеріне
шағым келтіруге, дәлелдемелер
ұсынуға құқылы. Сондай-ақ сотта
да заңды өкіл барлық сот отырысына
қатыса отырып, өздеріне тиесілі
құқықтарды пайдалана алады.
– Ә д е т т е , со т т а к ә м е ле т к е
толмағанның заңды өкілі ретіндегі
функциясын сотқа дейінгі іс жүргізу
сатысында танылған адам жүзеге
асырады. Заңды өкілдер, сотта
істі сот талқылауына дайындау
сатысынан бастап кіріседі және
соттың қарауына жататын түрлі
өтініш-хаттарды мәлімдей алады.
Сондай-ақ заңды өкілдің келісімімен,
кәмелетке толмағанның өмір салты
мен тәрбиесінің мәнжайлары туралы
олардан куә ретінде жауап ала
алатынын ескеру керек. Сонымен
қатар заңды өкіл сотталушының
қорғаушысы немесе азаматтық
жауапкер ретінде сотқа қатысуға
құқылы. Алайда, заңды өкіл кәсіби
қорғаушыны алмастыра алмайды.
Кәмелетке толған сәттен бастап
заңды өкілдің міндеті тоқтатылады,
бұл жөнінде қылмыстық қудалау
органдары қаулы шығарса, сот басты
сот талқылауының хаттамасында
тиісті мәлімет енгізеді. Заңды өкілдер
құқықтарды ғана иеленіп қоймай,
сонымен бірге сотталушының заңды
мүдделері мен құқықтарының
қорғалуын, істің мәнжайларын
барынша зерттелуін қамтамасыз етуге
бағытталған міндеттерге ие болады.
Сондықтан, заңды өкілдің құқықтарын
шектеу қылмыстықпроцестік заңнама
талаптарын елеулі түрде бұзып,
кәмелетке толмағанды қорғану
көмегінен айырылуына алып келеді.
Қылмыстық-процестік Кодексінің
215-бабында кәмелетке толмаған
куәдан немесе жәбірленушіден жауап
алу кезінде заңды өкiлдерi қатысуға
құқылы екендігі көрсетілген. Ал осы
Кодекстің 537-бабында кәмелетке
толмаған күдiктiден, айыпталушыдан,
сотталушыдан жауап алу кезінде заңды
өкілдің қатысу міндеттілігі көзделген.
Бұл ретте куә мен жәбірленушіден
де жауап алу кезінде заңды өкілдің
қатысуын міндеттеу қажет, – дейді
заңгер А.Актулиева.
Есен ӨТЕУЛІ.
