НҰРЗАТ – ӘЛЕМ КУБОГІНІҢ ІІ ДҮРКІН ЧЕМПИОНЫ!

6 Views

ТАЯУДА ҒАНА ӨЗБЕКСТАН

АСТАНАСЫ ТАШКЕНТ

ҚАЛАСЫНДА КИКБОКСИНГТЕН

ЕРЕСЕКТЕР МЕН ЖАСТАР

АРАСЫНДА ДҮНИЕЖҮЗІЛІК

ДЕҢГЕЙДЕГІ АСА ТАРТЫСТЫ

БӘСЕКЕ ӨТТІ.

Әлемнің түкпір-түкпірінен жи-

налған ең мықты спортшылар бақ

сынасқан бұл дүбірлі додада жерле-

сіміз, Қызылшаруа ауылының

тумасы, қазіргі таңда «Тараз Ғасыр»

колледжінің 3-курс студенті Рыскелді

Нұрзат Серікұлы тағы да еліміздің

абыройын асқақтатты. Нұрзаттың

үлкен спорттағы бұл алғашқы жеңісі

емес. 2025 жылдың 18 қазанында

Ташкент қаласында өткен Әлем

кубогында топ жарып, жеңістің

тұғырынан көрінген еді. Тура бір

жылдан кейін, яғни 2026 жылдың 18

қазанында Нұрзат Ташкент төріндегі

рингте өзінің мықтылығын қайта

дәлелдеді. Бұл жолы ол тактикалық

тұрғыдан жетілген өнерін көрсетіп,

қарсыластарын айқын басымдықпен

ұтты. Нәтижесінде жас дарын Әлем

кубогінің 2 дүркін чемпионы деген

атаққа қол жеткізді.

Бұл тарихи табыстардың артында

үлкен дайындық пен маңдай тер

жатыр. Нұрзаттың бұл толағай табысы

– оның Тараз қаласындағы білікті

бапкері Мақсат Мирасиловтың

қажырлы еңбегі мен дұрыс бағыт-

бағдарының жемісі. Сондай-ақ,

спортшының бойындағы қасиетті ерте

танып, аудан спортының дамуына үлес

қосқан алғашқы бапкері — Тұрарбай

Саткеновтің де еңбегі орасан. Қос

алтынды қанжығасына байлап,

көк туымызды көкте желбіреткен

Нұрзат Серікұлына алдағы уақытта

да үлкен табыстар, Азия және Әлем

чемпионаттарында тек қана жарқын

жеңістер тілейміз.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий