ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТТАР
ӨМІРБАЯНЫ
Абдраимова Айнагүл Бекболқызы 1979 жылдың 1 қарашасында Каменка ауылында дүниеге келген. 1985-1996 жылдары
Каменка орта мектебінде білім алған. 2008-2010 жылдары Құлан ауылшаруашылығы колледжінде «Экономика, бухгалтерлік
есеп және аудит» мамандығын меңгерген.
Еңбек жолын 1999 жылы Каменка орта мектебінде іс қағаздарын жүргізуші болып бастаған. 2010 жылдан бастап Құлан
агротехникалық колледжінің дуальды оқыту бағдарламасы бойынша серіктес тәлімгері. 2022 жылдан бастап, «АлРай»
шаруа қожалығын құрып, жұмыс атқаруда. Қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысады. Отбасылы.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Құрметті сайлаушылар! Мен де №8 бірмандаттық сайлау округі бойынша аудандық мәслихат депутаттығына кандидат
ретінде тіркеліп, «Ауыл» партиясы аудандық филиалының мүшесі болып, додаға түскелі отырмын. Менің сайлауалды
бағдарламам 7 негізгі бағыттан құралған. Соның алғашқысы әрине әділетті мемлекет – өркендеген қоғам құру.
Мен әрқашан «Заң мен тәртіп» қағидатын ескере отырып, адал еңбек ету арқылы төмендегі мақсаттарымызға қол
жеткізуді көздеймін. Атап айтсақ, азаматтардың қауіпсіздігін арттыру бойынша, оның ішінде құқық бұзушылықтардың
алдын алу және азаматтардың заңды құқықтарын қорғау бойынша кешенді іс-шаралар жүргізу, аудан тұрғындарының өмір
сүру сапасына кері әсер ететін мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға белсене қатысу. Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа
мүлдем төзбеушілік қағидатын ілгерілету. Мемлекеттік қолдауды шынымен өнім өндіретін және жұмыс орындарын құратын
адамдарға бағыттау, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу ісін дамытуға бағытталған жобалардың жүзеге асуына қолдау
көрсету, су ресурстарының тапшылығын болдырмау мақсатында тиімді және үнемдеп пайдалану қағидаттарының сақталуын
қамтамасыз ету мәселелерін ұдайы назарда ұстамақпын. Сондай-ақ, «Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы» аясында
білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт нысандарының құрылыстарына жеткілікті қаржы бөлінуіне ықпал ету, барлық
инфрақұрылымдық жобаларға қоғамдық бақылау орнату. Аға буынға құрмет көрсету, ұрпақтар сабақтастығын нығайту,
әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту, жастардың өз қабілетін іске асыруына жағдай жасау және әрбір отбасының әл-ауқатын
арттыруға қолдау көрсете отырып, төмендегі мақсаттарға қол жеткізуді де көздеймін. Соның ішінде отбасының рөлін белсенді
түрде нығайту және адал еңбекті құрметтеу мәдениетін қалыптастыру бағытында іс-шаралар ұйымдастыру, отбасындағы
зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілік саясатын жүргізу, әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың және
қатыгездіктің кез келген түрі үшін қатаң жауапкершілікке тартылуын қадағалау, отбасылық еңбек әулеттерінің беделін
арттыруға қатысты іс-шаралар ұйымдастыру, әйелдер кәсіпкерлігін дамытуды қолдау, жастардың бос уақытын тиімді
пайдалануға тең мүмкіндіктер жасалуына қозғау салу әрқашан менің депутаттық миссиям болмақ.
Баршаңызды «Ауыл» партиясының аудандық филиалынан кандидат болған маған дауыс беруге шақырамын. Мен сіздердің
сенімдеріңізге селкеу түсірмеймін.
