ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТТАР

16 Views

ӨМІРБАЯНЫ
Көкімбаев Сейтбек Кеңесұлы 1982 жылдың 9 тамызында Ақыртөбе ауылында дүниеге келген. 1988-1999 жылдары
№14 Ақыртөбе атындағы орта мектебінде білім алған. 1999-2003 жылдары Қайнар университетінде білім алып, аталмыш
жоғары оқу орнын «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2003-2018 жылдары «Нұрсұлтан» шаруа қожалығының
басшысы болған. 2018 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «Хамза» шаруа қожалығының басшысы болып жұмыс жасап
келеді. Қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысады. Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының VIII шақырылым депутаты болған.
Отбасылы. 2 ұл, 2 қыз тәрбиелеп, өсіріп отыр.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР! Мен №2 бірмандатты сайлау округінен кандидат ретінде осы жолы да бағымды сынап
отырмын. Сіздер маған әрқашан қолдау көрсеткенсіздер. Бұл жолы да қолдайды деп сенемін.
8 шақырылымда аудандық мәслихаттың депутаты бола жүріп, мен өздеріңізбен етене жұмыс жасадым. Сол кездегі
сайлауалды бағдарламамда көзделген мәселелердің дені орындалды деп нық сеніммен айта аламын. Өзім әрқашан болатынды
болады деп айтамын. Болмайтынға құрғақ уәде берген емеспін. 8 шақырылымдағы сайлауалды бағдарламамда Ақыртөбе
ауылына жаңа мәдениет үйі мен спорт кешенін салу мәселесі болған еді. Ол – орындалды. Ол әрине жалғыз менің ғана
атқарған жұмысым емес. Аудандық атқарушы билік өкілдерімен ақылдасып, кеңесіп істелген ауқымды тірлік болды. Осы
жолы да мені қолдасаңыздар, өздеріңіз көтерген мәселелерді жоғары мінберлерге айтуға мен әрқашан дайынмын.
Жалпы, Ақыртөбе ауылдық округінде осыған дейін түйткілді болып келген мәселелердің көбісі өз шешімін тауып үлгерді.
Тоқырау жылдарымен салыстырғанда ауылымыз жылдан жылға көркейіп келеді. Ауылішілік көшелердің көбісі асфальт. Көше
жарықшамдары да қалалардан кем емес. Иә, рас. Ауылымыздың ауыз су құбырының тозығы жеткен. Ол бойынша талай
мәрте айттық та. Менің тарапымнан болсын, халықтың да айтқан ұсыныс-тілектері болсын, әйтеуір орындалып, бұйыртса,
келер жылы ол мәселе де шешімін тапқалы отыр.
Құрметті №2 сайлау округінің сайлаушылары! Мен әркез көпшілікпен біргемін. «Aуыл» партиясының аудандық
филиалы мүшесі ретінде жергілікті атқарушы билікпен бірлесе қимылдап, жұртшылықтың талаптары мен тілектерін,
мұң-мұқтаждарын атқарушы билікке жеткізіп, табандылық көрсету арқылы күрмеулі мәселелерді бірігіп шешуге,
ауылшаруашылық саласын дамыта отырып, жаңа кезеңнің жаңа талаптарына сай еңбек ету – басты мақсатым. Сол үшін де
№2 сайлау округі бойынша Т.Рысқұлов аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат ретінде тіркеліп отырмын. Маған
сенім артып, алдағы сайлауда қолдайды деген үміттемін.
Құрметті сайлаушылар! Егерде Сіздер мені қолдап сенім көрсетсеңіздер, өмірлік іс-тәжірибем мен білімімді халық сенімін
ақтауға жұмсаймын деп сендіремін.
Биылғы жыл еліміздің тарихындағы ең маңызды кезеңдердің бірі болды. Тәуелсіздігімізге 35 жыл толды. Жаңа
Конституциямыз қабылданды. Еліміздің саяси жүйесі түбегейлі жаңғырып, жаңа билік институттары құрылды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Қазақстанның жаңа тарихи кезеңдегі өзекті міндеттері» атты
Жолдауы еліміздің болашақ даму бағытын айқындап берді. Бұл – бүгінгі ел алдында тұрған міндеттерді шешу ғана емес,
келер ұрпақ алдындағы жауапкершілік.
Республикалық бюджеттен сайлауға бөлінген қаражат есебінен төленді.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий