БІЗ АЙТПАДЫ ДЕМЕҢІЗ…

11 Views

Түрксіб станциясындағы көліктегі
полиция бөлімінің қызмет көрсету
аумағында ағымдағы жылдың 10-30
қараша аралығында «Пиротехника»
жедел-профилактикалық іс-шарасы
өткізілуде. Іс-шараның негізгі мақсаты
– пиротехникалық бұйымдарды заңсыз
сату, сақтау, тасымалдау және пайдаланудың алдын алу, тұрғындардың
өмірі мен денсаулығын қорғау, өрт
қаупін төмендету және құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері:
– пиротехникалық бұйымдарды
сататын сауда нүктелерін, дүкендерді
тексеріп, заңсыз сауда жасайтын адамдарды анықтап, тиісті шаралар қабылдауда;
– тұрғындар арасында түсіндіру
жұмыстарын жүргізіп, пиротехниканы
балалардың қолына түсірмеу, оны үйде
сақтау және пайдалану ережелерін
сақтау туралы ескертулер беруде.
Тұрғындарға ескерту! Пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сату, сақтау немесе пайдалану әкімшілік
және қылмыстық жауапкершілікке
әкеп соғады. ӘҚБтК 436-бабы, яғни
пиротехникалық бұйымдарды елдімекендерде қолдау. 483-бап. Пиротехникалық бұйымдарды қолдану,
пайдалану, тасымалдау, сауда жасау
тәртібін бұзу. 196-бап. Тауарлар
мен заңсыз сауда жасау. Ата-аналар
балаларының қауіпсіздігіне ерекше
назар аударуы керек. Пиротехниканы
балалардың қолына бермеңіздер және
оларды бақылаусыз қалдырмаңыздар.
Түрксіб ст. КПб тұрғындарды пиротехниканы тек рұқсат етілген орындарда және белгіленген ережелерге
сәйкес пайдалануға шақырады. Кез
келген заңсыздық туралы хабарлау үшін
жергілікті полиция бөлімшесіне немесе
«102» жедел желісіне хабарласуыңызды
сұраймыз.
Іс-шара аясында анықталған құқық
бұзушылықтар бойынша заңнамаға
сәйкес шаралар қабылданатын болады.
Түрксіб станциясындағы
көліктегі полиция бөлімі.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий