ТҰРҒЫНДАРҒА ҚАЖЕТТІ кеңестер берілді

594 Views

ТҰРҒЫНДАРҒА ҚАЖЕТТІ кеңестер берілді

Жуырда Ақбұлақ ауылдық округінің мәдениет үйінде «Ашық мемлекет» атты тақырыпта мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі болып өтті. Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыруымен өткен аталмыш жәрмеңкенің басты мақсаты – мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді барынша оңайлатып, тұрғындарға дәйекті әрі нақты кеңестер беру болатын.

Жәрмеңкені алдымен ауыл әкімі Самат Атабаев ашып, шараның маңыздылығына тоқталды. Ал, аудан әкімінің бас инспекторы Әлі Жеңіс Бекқұлұлы www.egov.kz, Telegram- бот, @EgovKzBot «Digital agent» сынды мобильдік қолданбаларды пайдаланудың тиімді тұстарын айтып, ауыл тұрғындарына бүктемелер мен egov.kz логотипі бар блокноттарды таратты.

Сонымен қатар, жәрмеңкеге аудан әкімдігінің жер қатынастары, жұмыспен қамту орталығы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, ветеринария, сәулет, қала қ ұ р ы л ы с ы ж ә н е қ ұ р ы л ы с бөлімдерінің басшылары мен мамандары қатысып отырды. Сондай-ақ, жиынға аудандық орталық ауруханадан, аудандық кірістер басқармасынан, жер кадастры және жылжымайтын мүлік бойынша бөлімінен және халыққа қызмет көрсету орталығынан қызметкерлер арнайы келіп қатысып, жергілікті жұртшылыққа қажетті кеңестер берді.

Мәселен, жиын барысында ауыл тұрғыны А.Нұрбаев келген мамандарға жерді қалай жалға алуға болатыны жайында сауал жолдады. Оған жер кадастры және жылжымайтын мүлік бойынша Т.Рысқұлов ауданының бөлімі басшысының орынбасары К.Айдарбаева жауап беріп, өтеулі жерді пайдалану құқығын беретін актіні қалай алып, заңдастыру жолдарын баяндап берді. Сонымен қатар, жәрмеңке барысында халық арасында актуалды тақырыпқа айналған атаулы әлеуметтік көмектің жай-жапсары да сөз болды. Дәлірек айтар болсақ, Айгүл Бабашева, Ботагөз Әуелбаева, Назерке Байқазақова, Айнұр Бегасилова сынды ауыл т ұ р ғ ы н д а р ы м а м а н д а р д а н атаулы әлеуметтік көмектің қандай жағдай да берілетіндігі жайында сұрады. Көп балалы аналарға сала мамандары аталған көмек түрінің мән-жайын толықтай айтып беріп, соңғы орын алған өзгерістер тоқталды.

Ж.БАЗЫЛБЕКОВ.

Поделиться ссылкой: