Халықтың әлеуметтік жағдайы – басты назарда

789 Views

Мәслихат отырысы

Халықтың әлеуметтік жағдайы – басты назарда

Кеше аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында алтыншы шақырылған аудандық мәслихаттың отырысы болып өтті. Оған аудан әкімі Ерболат Садырқұлов, мәслихат хатшысы Тұрсынхан Жаманбаев, ауылдық округ әкімдері мен бірқатар бөлім басшылары қатысты. Кезекті отыз тоғызыншы сессияны мәслихат депутаты Қанатбек Дәкенұлы Арыстанбеков жүргізіп, төрағалық етіп отырды.

Өткен жылы ауданда мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүмкіндігі шектеулі жандарға 37 кресло-арба, 16 сурдотехникалық, 19 тифлотехникалық, 154 протез- ортопедиялық құралдар мен 111 санаторлы-курорттық емделуге жолдамалар берілген. Бұл туралы кеше аудан басшысы Ерболат Садырқұлов пен мәслихат депутаттарына атқарылған ж ұ м ы с т а р т у р а л ы е с е п б е р г е жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Берік Шамаев мәлімдеді. Былтыр атамыш бөлім мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуге 100 адамға жәрдемақы тағайындап, 4339,0 мың теңге төлеген. Мұнан бөлек жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы 122 мүгедекке жеке көмекші қызметі мен есту кемістігі бар 15 мүгедекке ымдау тілі маманының қызметін көрсетіп, 162 мүгедек жанды міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз еткен. Бөлім қызметкерлері мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке қайырылған 1 1 8 1 о т басын ың 6 5 4 7 адамын а жәрдемақы тағайындап, 259250,0 мың теңге көлемінде қаржы төлегенін де айта кетелік. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке Үкімет тарапынан айтарлықтай көңіл бөлінгендіктен, бұл көрсеткіш биыл едәуір көбейетін болады» — деп түйіндеді өз сөзін Берік Ысқақұлы.

Жиын барысында Қайынды ауылдық округінің әкімі Азамат Асанбайдың да есептік баяндамасы тыңдалды. Ауылдың тыныс-тіршілігі мен алдағы даму жоспарын ұсынған әкімге халық қалаулылары сұрақ қойып, бірқатар ұсыныстарын да жеткізді. Жарыссөзге шыққан мәслихат депутаттары Эльмира Зәкімбаева мен Қаржаубек Рысқұлов есеп берген бөлім басшысы мен ауыл әкімінің жұмыстарын саралай келе, «қанағаттанарлық» деген баға берді.

Жиынды қорытындылаған аудан басшысы Ерболат Салқынбекұлы халықтың әлеуметтік жағдайын назардан тыс қалдырмай, осы бағытта жұмылған жұдырықтай бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

Жәнібек СӘДУАҚАС.

Поделиться ссылкой: