Құқық бұзушылық мәселесіне арналады

653 Views

 Алқа мәжілісі

Өткен жұмада аудан әкімінің орынбасары Бейсенбек Әлпейісовтың төрағалығымен алқа мәжілісі болып өтті. Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өткен жиынға аудан әкімінің орынбасары Руслан Оразхан, аудандық м ә с л и х а т х а т ш ы с ы Т ұ р с ы нх а н Жаманбаев, сондай-ақ, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, ауыл әкімдері мен мекеме басшылары қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселе шеңберінде аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары, полиция майоры Дархан Абикулов бағдарлы баяндама жасады. Оның айтуынша, аудандық полиция бөлімі құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында көптеген жұмыстар атқарып жатқан көрінеді.  

 – Аудан аумағындағы оқу орындарында жалпы- 43 (өткен жылы 36) мәрте студенттермен және мектеп оқушыларымен кездесулер өткізіліп, құқық бұзушылық тақырыптарында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жасөспірімдер түнгі уақытта көп жиналатын орындарда, оның ішінде көңіл көтеру орындарында мектеп мұғалімдерімен бірлесе түнгі рейдтік жұмыстар ұйымдастырылып отырды. Ювеналдық полиция тобымен ҚР ӘҚБтК-нің 442- бабы, 2- бөлігімен 48 әкімшілік хаттамалар толтырылды. А ғ ы м д а ғ ы ж ы л д ы ң 2 а й ы н д а 6 жасөсіпірім есепке қойылды. Жүргізілген алдын-алу жұмыстары нәтижесінде жасөспірім балаларға дұрыс тәлім-тәрбие бермегені үшін -1 отбасы сот шешімімен ата-аналық құқықтарынан айырылды,-деді Дархан Абикулов. Өз баяндамасының соңында аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары аудан орталығы болып есептелетін Құлан ауылының батыс және шығыс беткейіне сапалы бейне қондырғы қою қажетігін айтты. Алқа мәжілісінде бұдан өзге мәселелер де қаралып, тиісті қаулылар қабылданды.

Марат ЖОЛДАСБЕКҰЛЫ.  

Поделиться ссылкой: