Жақсылықпен кел, Жаңа жыл
52 ViewsЖаңа жыл мерекесі аудан орталығында да, әрбір ауылдық округтерде де ерекше тойланды. Дәл сондай ерекше форматтағы Жаңа жылдық мерекелік кеш Көгершін ауылында да өтті.…
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялап, елдің ертеңгі болашағына зор үміт артқан еді. Бүгінде сол үміт ақталып, мемлекет тарапынан қолдау тапқан жастар қол қусырып отырмай, еліміздің гүлденуіне, дамып өркендеуіне өз үлестерін қосуда. Сол жандардың қатарына Қарақат ауылының жастарын да жатқызуға болады.
Мәселен, Ұлыстың ұлы күні ауылда кең көлемде тойланып, ауыл жастарының тікелей демеушілігімен ұйымдастырылған. Бұл жайында ауыл имамы Сайлау қажы кеңінен әңгімелеп берді. «Жастар жылында ауылымыздың жастары аянып қалып жатқан жоқ. Барлығы да бір тудың астына жиылып, ілкімді істердің атқарылуына себепкер болуда. Мұсылман халықтарының ортақ мейрамы – Наурыз мерекесін де осы ауыл жастары ұйымдастырды. Елді-мекен тұрғындарын үлкен дастарханға шақырып, шат-шадыман көңілге бөледі. Ал, бүгін міне ауылдағы мектеп пен медпункт айналасына шырша егуде. Осылайша олар ауылды көріктендіруге, абаттандыру жұмыстарына өзгеше серпін беруде» — деген ақсақал жастардың ісіне көңілі толып, өз батасын берді. Азамат Барменов, Талғат Тәттіходжаев, Смайыл Гериков сынды ауыл ағалары бастаған жастардың бұл ісіне ауылдық округ әкімі Мұрат Иманбаев «Ел мүддесі үшін жасалған бұл істер өзге ауыл жастарына да үлгі болуы тиіс» — деді.
Қарақат ауылының жастары осы күнге дейін сан түрлі бастамаларды қолға алып келеді. Ауыл кіре берісіндегі арка, аялдама, жастарға арналған кіші футбол алаңы, мерекелік шаралар өтетін алаң, мектеп дәлізіндегі көрнекі құралдардың барлығы да осы жастардың ықпалымен жасалынып жатқан жұмыстар. Осының бәрін көзімізбен көріп, Қарақат жастары шынымен де өзге ауыл жастарына үлгі бола алатындығына көзіміз жетті.
Жәнібек БАЗЫЛБЕКОВ.