Поэзия әлемінің адуынды ақыны

1 156 Views

Фариза Оңғарсынованың туғанына — 80 жыл

«Жырым менің Планетам…

Бәрі осында жиғаным, тергенім де,

Сезінгенім, сүйгенім, сенгенім бе.

Мінезім бе, болмыс па, кермек үн бе,

Жалғыздық па, достар ма, тағдырым ба,

Бәрі осында, басқасы – қалды ұғымда» деп жырлаған қазақ поэзиясының көрнекті өкілдерінің бірегейі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, а қы н Ф а р и з а О ң ғар сы н о в а н ы ң туғанына биыл — 80 жыл толады.

Фариза ақынның отты жырларын қалың қазақ жатқа біледі. Оның әрбір өлеңінің құрылысынан өр Махамбеттің рухы сезіледі. Ол журналистік қызметте де, Парламент мәжілісінде депутат болған жылдары да әділ сөйлеп, тура айта білді. Өтірік мақтау, көлгірсіп сөйлеу болмысы бөлек дара тұлғаның бойында жоқ қасиет еді. Бәлкім, қазақтың мұзбалақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың:

– Фариза, Фаризажан, Фариза қыз,

Өмірде ақындардың бәрі жалғыз.

Шыдай-шыдай ақыры жалығармыз,

Бірімізден-біріміз арылармыз.

Біздерді де жоқтайтын жан болса егер,

Шаң басқан архивтерден табылармыз.

Жанарымды тұманмен тұмшаладым,

Серіппесі үзіліп тұр садағым.

Жігітінен қазақтың дос таба алмай,

Қыз да болсаң, мен саған мұң шағамын,- деп өзге ақынға емес, дәл Фариза Оңғарсыноваға жыр арнауының да басты себебі осы шығар.

Жуырда аудандық мәдениет үйінде Қазақстанның халық жазушысы Фариза Оңғарсынованың жалынды жырларын оқырмандарға насихаттау мақсатында «Сезім болып төгілген жібек жырлар» деген тақырыпта а у д а н д ы қ б а й қ а у б о л ы п ө т т і . Байқау шымылдығын аудандық орталықтандырылған кітапханалар ж ү й е с і н і ң д и р е к т о р ы Н ұ р с ұ л у Топатева сөз сөйлеп, ашып берді.

Кітапхана қызметкерлерінің арасында өрбіген аталмыш байқауға 6 үміткер қатысты. 2 кезең бойынша сынға түскен қатысушылардың өнерін әділ қазылар алқасы өлеңді оқу шеберлігіне, дауыс мәнеріне және тіл тазалығына, сахна мәдениетіне, ұсынылған бейнероликтің сапасына қарай бағалап, қорытынды жасады. Нәтижесінде, аудандық орталық кітапхананың қызметкері Әйгерім Баймұратова жүлделі III орынға ие болды. Ақынның «Шындық» және «Өмір» өлеңдерін жүрекке жеткізе білген Құмарық ауылдық округінің кітапханашысы Гүлнора Базарбаева жүлделі II орынды жеңіп алды. Ал, «Жетімхана» мен Гүлнәр Шәмшиеваның әніне жазылған Фариза ақынның «Әйелдер монологын» нақышына келтіре орындаған Қарақат ауылдық округінің кітапханашысы Гүлжамал Жарқынбаева қазылар а л қ а с ы н ы ң ш е ш і м і м е н б а й қ а у жеңімпазы атанды. 6 үміткердің арасынан дара озып шыққан Гүлжамал Жарқынбаева алдағы уақытта облыстық байқауда ауданымыздың намысын қорғайтын болады. Байқау соңында барлық қатысушыларға арнайы дипломдар мен мерекелік сыйлықтар табыс етілді.

Марат ДИХАНБАЙ. 

Поделиться ссылкой: