Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров атындағы мектепте ОҚУШЫЛАР ҰШҚЫШТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

710 Views

«Алғаш болып ғарыш әлеміне табан тіреген қазақ баласы кім?» -деген сауалға еліміздегі әрбір азамат ойланбастан «Тоқтар Әубәкіров» деп жауап беретіні түсінікті. Өйткені, Тоқтар Оңғарбайұлының еліміз үшін жасаған ерлігі бүгінгі ұрпақтың есінен ешқашан да кетпейді. Естуіміз бойынша елімізде тұңғыш ғарышкердің есімімен аталатын екі мектеп бар. Бірі – өзінің туылған жерінде болса, екіншісі біздің ауданымызда екен.

Тоқтар Әубәкіров атындағы негізгі мектебі Луговой ауылындағы әскери гарнизонның аумағында орналасқан. Онда оқушылар 9 сыныпқа дейін білім нәрімен сусындайды. 2003 жылы тұңғыш ғарышкер мектепке арнайы келіп, алғашқы қоңырауды өзі соғыпты. Сонымен қатар, әрбір оқушыға мектепке керекті құрал-жабдықтарды сыйға тартқанын ұстаздар әлі де ұмытқан жоқ.

Тұңғыш ғарышкеріміздің атындағы мектепте білім алып жүрген о қ у ш ы л а р д ы ң к ө б і с і ә с к е р и қызметкерлердің балалары. Сондықтан да мектеп қабырғасындағы оқушылар өздерінің болашағын ғарышпен байланыстырғысы келетінін жасырмайды. Осыны ескерген болуы керек, ж у ы рд а м е кт е п м ұ ғ а л і м д е р і н і ң ұйымдастыруымен ілкімді іс-шара болып өтті. Оған мектеп оқушылары мен ұстаздарынан бөлек 64207 әскери бөлімінің қызметкерлері да қатысты. Дәлірек айтар болсақ, бөлім командирі, подполковник Дүйсенбек Өзбеков, оның тәрбие және идеология ісі жөніндегі орынбасары, майор Нұрдос Өтегенов және Анаргүл Исмайлова құрметті қонақ ретінде қатысты.

Еркін форматта ұйымдастырылған жиында оқушылар ұшқышт арға сан түрлі сауалдар қойып, өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауап алды. Сонымен қатар, ұшқыштар оқушыларға ұшақтар мен тік ұшақтардың түр-түрімен таныстырып, оның қосалқы бөлімдерін жеке-жеке таныстырып өтті. Одан соң мектеп директоры Шарапат Бабашева сөз алып, алтындай уақытын бөліп, оқушылармен ашық сұхбат өткізуге келген әскери қызметкерлерге өз алғыстарын жеткізді.

Жиын соңы мектеп оқушылары даярлаған концерттік бағдарламаға ұласты.

Ж.СӘДУАҚАС.  СУРЕТТЕ: ұшқыштар мектеп оқушыларына

 ғарыш туралы әскери өмірге байланысты

шежіре суреттер жайлы әнгімелеп тұр.

Сурет автордыкі.

Поделиться ссылкой: