Мұғалім мәртебесі артса, ел мерейі асқақтайды

850 Views

Жолдауғақолдау

Ұстаз деген ұлағатты есімді серік ету екінің бірінің қолынан келе бермейтін іс. Өйткені, өзінің емес өзгенің баласына білім мен тәрбие беру аса ептілік пен үлкен тәжірибені қажет ететіндігі айдан анық. Ұстаздық қызметтің мамандықтардың ішіндегі ең төресі саналуы да сондықтан болар.

Қ Р -н ы ң Т ұ ң ғ ы ш П р е з и д е н т і Н . Ә . Н а з а р б а е в т ы ң ө т к е н ж ы л ы х а л ы қ н а з а р ы н а ұ с ы н ғ а н «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында білім саласына айтарлықтай көңіл бөлінді. Әсіресе, түйткілі тереңде жатқан мәселелердің бірі осы Жолдауда басты назарға алынды. Ол – «Педагог мәртебесі туралы» заңды қабылдау болатын. Осыған байланысты Елбасы «Келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажет деп санаймын. Бұл құжат мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлері үшін барлық игілікті қарастырып, жүктемені азайтуға, жөнсіз тексерістер мен міндеттен тыс функциялардан арашалауға тиіс» деген болатын. Елбасының айтқан осы бір сөздері шәкірт тәрбиелеп отырған әрбір ұстазды қуантқаны сөзсіз.

Бүгінде «Педагог мәртебесі туралы» заңның жобасын әзірлеу мақсатында жұмыс тобы құрылып, оның құрамына ғалымдар, мұғалімдер, заңгерлер, депутаттар және кәсіподақ өкілдері кірді. Заң жобасының жасалуына еліміздің әр өңіріндегі ұстаздар да атсалысып, олар өз ұсыныстарын жеткізу үшін министрліктің сайтында да талқылау жұмыстарына қатысты. Соның нәтижесінде заң жобасы әзірленіп, қазіргі таңда депутаттардың қаралымынан өтуде. Аталмыш жобада мұғалімдердің кәсіби қызметіне қол сұқпау, оның абыройын қорғау және келісімінсіз негізгі жұмысынан басқа шаруаларға тартпау, «педагог» ұғымын жалпыға ортақ ету, тұрғын ү й , м е д и ц и н а л ы қ с а қ т а н д ы р у , мұғалімдердің жүктемесін жеңілдету, еңбекақысы және біліктілігін арттыру, зейнет жасына қатысты мәселелер әлі де қызу талқыға түсіп, қарастырылып жатыр.

Аталған жайттар шынымен де өз шешімін тапса, мұғалім мерейі біршама артар еді деген ойдамын. Сонымен қатар, заң қабылданған жағдайда көз ұшынан ғайып болып бара жатқан «Ұстаз статусы» қайта жаңғырып, педогог мәртебесі көтеріледі деген сенімдеміз.

Жәнібек БАЗЫЛБЕКОВ

Поделиться ссылкой: